AZATTYQ. ORG «Пан Ги Мунның ескертуін естуші аз болды» - БҰҰ бас хатшысының Орталық Азияға сапарында көпшіліктің ойында «Пан Ги Мун аймақ басшыларына адам құқықтары мәселесі бойынша сын айта алар ма екен?» деген сұрақ тұрды.
«Бюджет қысқарып жатқанда Ермегияев қамалды» - Сарапшылар Талғат Ермегияевтің тұтқындалуын алдын ала болжанған коррупциялық жанжалға балайды. «Астана EXPO-2017» компаниясының экс-топ-менеджерлерінің жұмыс стилі ел басшысы тарапынан бұрын да сынға іліккен.
ZHASALASH.KZ. «Қыз зорлау қылмысы және Бозымбаевты бопсалау» - 20 ақпанға қараған түнi Павлодар облысы әкiмiнiң резиденциясында қыз зорлау қылмысы жайлы журналистiк зерттеу жүргiзген облыстық “Версия" газетiнiң редакторы Ярослав Голышкин бүгiнде Қанат Бозымбаевтан ақша бопсалау iсi бойынша күдiктiге айналғаны белгiлi.
«Ұлттық кадрлар неге ұры атанып жатыр?»“Астана ЕХРО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев екi айға үйқамаққа алынды.
«Ұлыбритания басылымдары Блэрдің Астана сапарының шығынын есептеді» -Ұлыбритания баспасөзінің жазуынша, елдің салық төлеушілері Тони Блэрдің шығындарына аптасына 16 мың фунт стерлинг жұмсайды, ал оның бизнес-империя құру әрекеттері - «мүдделер қайшылығына» таяу іс. Бұрынғы премьердің өкілі оның әрекеттерінде «оғаш ештеңе жоқ» деп мәлімдейді.
«"Тегiн бәлiшке" тоқтау салынды» - Алдағы жаңа оқу жылынан бастап елiмiздегi бастауыш сынып оқушыларына тегiн тамақ беру тоқтатылады