Атырау, 18 мамыр 08:46
 ашықВ Атырау +26
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі қызметінде қалатын болды

2 286 просмотра

Image 0Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі қызметінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшысының қызметін Әділбек Жақсыбеков елорда әкімі қызметімен қатар атқарады", - деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы Сәуле Смағұлова.

2015 жылдың 10 маусымында Мемлекет басшысының өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Әділбек Жақсыбековті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ұжымымен таныстырды.

Оған дейін Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ол компанияны 2013 жылдың қаңтарынан бері басқарды.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 маусым 2015, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.