AIKYN.KZ «Әлемдік бәсеке қыза түспек» - Жыл басынан бері бізді ерекше алаңдатқан тұс әлемдік биржалардағы тауар бағасының ұдайы төмендеуге ұмтылысы еді. Өйткені біз дәл қазіргі таңда осы мәселеге тікелей тәуелдіміз.
«Айнұр, АЙТШЫ БӘРІН...» - Белгілі айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева жұрт арасында үлкен дау тудырған Астанада өткен «Муз-ТВ» жүлдесі жайлы өз ойын Іnstagram парақшасында жазды.
ABAI.KZ. «Сұлтан Хан Аққұлы: Кенесары ханның бас сүйегі әкелінбей толайым той болмайды» - Өткен ғасырдың басындағы қазақ тарихынан ойып орын алатын Алаш қозғалысына қатысты ақтаңдақтар ақиқатын зерттеуге үлес қосып жүрген алаштанушы, әлихантанушы ғалым, «Алашорда» қоғамдық қорының директоры Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ «ДАТ!» айдарына берген сұхбатында ел-жұртқа беймәлім мәліметтердің бетін ашып берген еді.
QAZAQUNI.KZ «Сарышаған – Ресейдің сынақ алаңы ма?!.» - 9 маусым күні Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонында әуе-ғарыш қорғаныс әскерлері мен өнеркәсіп өкілдерінің бірлескен жауынгерлік тобы ресейлік зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚҚ) жақын әрекеттегі зымыранға қарсы сынақ іске қосылымын сәтті жүргізді, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
JASQAZAQ.KZ. «Жазуға реформа керек» - Биыл 7 маусым күні ресейлік Эхо Москвы радиосының Бас редакторы Алексей Венедиктов өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына «Қазақстан 2025 жылы латын әліпбиіне көшеді. Ал Солтүстік Қазақстан ше?» деген жазба қалдырыпты. Оған ізінше оқырмандар жауап беріп жатты. Кейбір ресейліктердің өзі мұның арандату екенін ашық айтқан.
QAMSHY.KZ «Алғаш рет ораза ұстаушыға 14 пайдалы кеңес» - Әне, Рамазан айы қол бұлғап шақырып тұр! Ал сіз биыл ең алғаш рет ораза ұстамақсыз. Санаңызды сансыз сауалдар билеп, қобалжу, қорқу, сенімсіздік сезімдері тыным берер емес.
ALASHAINASY.KZ «Елімізде 173 мемлекеттік нысан жекешеленді» - Мемлекеттің қазынасына қарап қалған өндірістерге жаңа дем керек. Осы мәселені шешу үшін елімізде жалпыхалықтық жекешелендіру ісі қолға алынған-ды. 2014 жылдың жазында басталған реформа келесі жылы аяқталуы тиіс болатын.