Атырау, 19 желтоқсан 20:07
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Невский орденi иесiн ендi тапты». «Ердоған дәуiрi аяқталды ма?». «Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жанкүйерлері неге аз?». «Өндiргеновтi қамады бұл саяси тапсырыс па, әлде рейдерлiк пе?». «Порошенко неге Одессаны Саакашвилиге берді?».

1 743 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Невский орденi иесiн ендi тапты» - Путинге дауа жоқ екен, қазақты қажауға келгенде алдына жан салмайды.

«Ердоған дәуiрi аяқталды ма?» - Түркияда жексенбi күнi өткен парламент сайлауының нәтижелерi президент Ережеп Тайып Ердоған дәуiрiнiң аяқталуы деп бағаланды.

«Өндiргеновтi қамады бұл саяси тапсырыс па, әлде рейдерлiк пе?» - Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, “Емшан" компаниясының президентi Мейiржан Өндiргеновтi 30 мамыр күнi көшеде көлiгiмен кетiп бара жатқан жерiнде қаржы полицейлерi ұстап, абақтыға жауып тастады.


BUSINESSNEWS.KZ «Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жанкүйерлері неге аз?» - Шынында да неге аз? Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүркін-дүркін бағдарламалар қабылдаса да, неге олар көпшілік тарапынан бірауыздан қолдау таппайды? Осы сауалдардарға ой жүгіртіп, жауап іздеп көрген едік.

ABAI.KZ. «Қазақтың кешігу синдромы» - Біз үнемі кешігеміз. «Неге кешіктің?» – деп сұрай қалса, «Қазақпыз ғой», – деп ақталамыз. Өйткені, қазаққа «кешігу» деген сөз таңсық емес. Тіптен әзіл-сықақ театрларының нысанасына да осы тұсымыз жиі ілігіп жатады. Қазақтың санасына кешігу шартсыз рефлекс ретінде қалыптасып, ұлттық менталитетіміздің бір бөлшегі іспеттес болып кеткендей көрінеді де тұрады.

ULT.KZ «Съездің пайдасы немесе Айдостың айтқаны» - Астанамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтіп жатқаны белгілі. Съезде әлбетте, еліміздің президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ сөз сөйледі.

QAMSHY.KZ «Талапкер 2015: сұранысқа ие мамандық қайсы?» - Көптен күткен ҰБТ да аяқтады. Жас түлектер болашақ мамандықтарын таңдау алдында.

JAQSY.KZ «Порошенко неге Одессаны Саакашвилиге берді?» - Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиге жаңа жұмыс табылды. Ол енді Одесса облысының губернаторы. Қызық. Украин билігі не себепті шетелдіктің қолына елдегі ең үлкен облыстың бірін ұстата салды екен?

QAZAQUNI.KZ «Мәдениет министрі: «Қазақфильм» жекелеген адамдардың меншігі емес» - 6 маусымда театр, өнер қызметі және киноөндіріс бойынша көркемдік кеңестердің алғашқы отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақты масқаралаған фильмдерді атады деп хабарлады inform.kz.



11 маусым 2015, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.