ABAI.KZ. «Қазақ жеріне 2500 тонна гептил төгілген» - Өткен бейсенбіде (маусымның4-і күні) ҚР Парламенті Сенатының отырысында Сенатор Мұрат Бақтиярұлы (суретте) Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен әріптестерінің назарын «Байқоңыр» ғарыш айлағының айналасында туындап жатқан экология мәселесіне аударып сөз сөйледі.
SERKE.ORG. «Футбол және саясат» - Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) коррупцияға ылығуына байланысты шыққан дау әлем чемпионатының 2018 жылы Ресейде, 2022 жылы Катарда өту-өтпеуінкүмәнді жағдайға тіреді.
«Әбілязовтың сыбайласы сот алдында жауап береді» - Француз түрмесінде жатқан Мұхтар Әбілязовтың сыбайласы, «Русские» ұлтшылдар қозғалысының лидері Александр Поткин (Белов) сот алдында жауап береді.
«"Ақ жол" партиясындағы “дедовщина"» - «Ақ жол» партиясындағы дау-дамайдың көбісі жұдырықтасуға немесе біреуге жасалған өктемдікке қатысты болуы заңды құбылысқа айналып бара жатқандай.
SHYN.KZ «Қазақ ханшайымы орыс шенеунігінің қойнына жатпаған!» - Астана қаласының тарих пәні мұғалімдері "Қазақстан тарихынан" сабақ беру барысында оқулықтар сапасыз жазылғандықтан қосымша ғылыми еңбектердегі мәліметтермен толықтырып, көшті жүре түзетуге үлес қосудамыз.
«Исатай Тайманұлы қарақшы ма?» - 8-сыныптың тарих оқулығының авторы Зиябек Қабылдинов қазақтың мақтанышы болған Исатай батырды қарақшы, деп, сарбаздарын барымташы деп сүмірейтіп тастаған. ("Қазақстан тарихы", 8-сынып, 122-бет, 2012 жыл.)
AZATTYQ. ORG «Путиннің насихат машинасы жаныштап жатыр» - Ресейде ақпанда қастандықтан қаза тапқан саясаткер Борис Немцовтың қызы Жанна мемлекеттік телеарналар ел ішіне араздық сеуіп отырғанын айтып, Кремль насихатын нацистік Германия мен геноцид тұсындағы Руанда үгітіне теңеді.
«Ғылыми институттарға бөлінетін қаржы азайды» - Ғылым және білім министрлігі ғылым комитетіне қарасты бірнеше институт өкілдері биыл ғылыми жобалар да, оған бөлінетін қаражат та 50 пайыздан аса қысқарғанын айтты. Кейбірі «ғалымдардың сабақ беруге ауысып жатқанын» мәлімдеді.