Атырау, 5 желтоқсан 10:05
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Генерал Әлнұр Мұсаевтың “аузы күйіп" қалды». «Сепаратистерді емдейтін жасырын аурухана». «Қазақстандық шенеуніктердің “ішегіңді қатыратын” сөздері». «Киіктердің ажалы гептилден бе?».

1 928 рет қаралды

AZATTYQ. ORG «Сепаратистерді емдейтін жасырын аурухана» - Ресейдің оңтүстігіндегі Дондағы Ростов қаласы журналистері Украина шығысында соғысып, жараланған сепаратистерді емдейтін жасырын аурухананы тапқандарын айтады. Бұл ақпар «сепаратистер Ростов облысында емделеді» деген лақапты расқа шығарады.

«Қырғызстан мен Қазақстанда ажырасу көбейген» - Қырғызстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейе бастаған. Қазақстан болса, әлемдегі алғашқы ондыққа кірді. Мамандар оның өзіндік себебі бар екенін айтады.

ABAI.KZ. «Киіктердің ажалы гептилден бе?» - Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Алдан Смайыл Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

SERKE.ORG. «Генерал Әлнұр Мұсаевтың “аузы күйіп" қалды» - Кезінде Рахат Әлиев құрмақшы болған «Азат Қазақстан үкіметінің» сайты радикал оппозицияның өкілдерін – Болат Әбілевтің бұрынғы жақтастарын «Ақордамен ауызжаласып кетті, олар ҰҚК-нің агенттері» деп айыптап жатыр.

«Журналисті әбігерге салып қойған кім?» - Фейсбук әлеуметтік желісі жеке бас араздығы бар адамдардың өзара есеп айырысатын алаңына айналды.

QAZAQUNI.KZ «Қазақсыз ба, әлде, қазақстандықсыз ба?!.» - Алматыда танымал саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері Think Tank#8 отырысында ұллтық сәйкестік мәселесін талқыға алып, “ел тұрғындары өздерін қазақ, әлде қазақстандық деп атауы керек пе?" деген сауалға жауап іздеді.

«Бюджеттегі игерілмей қалған қаржы депутаттардың жағасын ұстатты» - Министрлер кабинеті мәжіліс төрағасының ашуына тиді. Қабиболла Жақыпов 2014 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беруге келген министрлерді мәжіліс залынан қуып, бюджет мәселесін күн тәртібінен алып тастауға шақ қалды.

QAMSHY.KZ «Қазақстандық шенеуніктердің “ішегіңді қатыратын" сөздері» - Біздің министрлер мен әкім-қараларды, жоғарғы және төменгі санаттағы шенеуніктерді қарапайым базарлардан, сауда орталықтарынан немесеқоғамдық көліктерден кездестіріп көрдіңіз бе?Кездестіре қалсаңыз не айтар едіңіз? Көкейіңізге маза бермей жүрген мәселелерді төтесінен қояр ма едіңіз? Әлде «гольф» ойнауға шақырасыз ба?



5 маусым 2015, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.