Атырау, 5 желтоқсан 10:05
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Кремль бұрмалаған тарихи төрт факт». «Жемқорлықты айтса да, ауқымын жарияламады». «Оқулық “жыры" қашан бітеді?». «"Мемлекет өсірген миллионерлер" кімдер?». «Алаштан шыққан алғашқы милиция офицері».

2 240 рет қаралды

AZATTYQ. ORG «Кремль бұрмалаған тарихи төрт факт» - Чехословакиядағы 1968 жылғы оқиға жайлы жаңа ресейлік фильм «Кремль идеологиясын енгізіп, өзінің қитұрқы әрекеттері мен саясатын ақтау үшін тарихи фактілерді бұрмалап отыр» деген айыптауларға ұласты.

«Ираннан келген оралманға азаматтық арман болды» - Маңғыстауға Ираннан келген оралмандар үшін азаматтық пен баспана мұң болды. Шенеуніктер «ережені дұрыс орындамаған» деп оралмандарды кінәлайды.

«Жемқорлықты айтса да, ауқымын жарияламады» - Бүгін парламент депутаты Айгүл Соловьева Қазақстанда «коррупциялық қылмыс көбейгені байқалады» деп мәлімдеді. Бірақ ол былтыр қанша қылмыс жасалғанын айтпады.

«Белсенділер Назарбаевтың “100 қадамына" “20 қадам" ұсынды» - Алматыда бір топ азаматтық белсенді сот жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстарын айтты. «Біздің 20 қадам соттан жапа шеккен адамдарға шынымен пайдалы» дейді олар.

QAZAQUNI.KZ «Оқулық “жыры" қашан бітеді?» - Министр бес айдан бері газет сыны мен оқушы хатына жауап берген жоқ!..

«Жемқорлықты неге жоя алмай отырмыз?» - Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров парамен байып жатқан лауазымды шенеуніктердің заңды белінен басып, қылмыстық жолмен айына қанша табыс табатынын айтты.

ULT.KZ «"Мемлекет өсірген миллионерлер" кімдер?» - Бүгін өткен Парламент мәжілісінің пленарлық мәжілісінде депутат Мұхтар ТІНІКЕЕВ аяқ астынан шарт кетті.

ALASHAINASY.KZ «Алаштан шыққан алғашқы милиция офицері» - Бұл мақала ұлты үшін құрбан болып кеткен Қазы Нұрмұхаметұлы туралы. Қазы Нұрмұхаметұлы – Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаевтармен бірге Семейдің мұғалімдер семинариясында (қазіргі Семейдің М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі) оқыған.

«Олимпиада өткізу үшін еркекті еркекке үйлендіру керек пе?» - Бір жыныстылықты насихаттауға қойылған шектеуді заңсыз деп тапқан Конституциялық Кеңестің шешімі осыны меңзей ме?

3 маусым 2015, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.