AZATTYQ. ORG «Вахтанг Кикабидзе: “Өзіңді сабап жатқан адамға ән айтасың ба?"» - Жуырда Украинадағы гастролінен оралған грузин артисі Вахтанг Кикабидзе "Ресейден қалған көңілі мен «Мимино» фильмі туралы сұхбат берді.
«Моңғолия бас мүфтиі: Елде “жиһадшылар" жоқ» - Моңғолия мұсылмандарының бас мүфтиі Өсерхан Мұхай елде радикалды көзқарастың тарамауын жетістік ретінде атады. Азаттыққа сұқбатында ол Моңғолия қазақтарының діни мәселелері жайында айтып берді.
«Талапкерлер ҰБТ тапсыруға кірісті» - Маусымның 2-сі күні Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсуден үміткерлер тапсыратын ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) басталды. Алматы қаласы Бостандық ауданының түлектері сынақ тапсыру үшін ҚазҰУ-ге келді.
NUR.KZ «ОҚО-да Шәмші Қалдаяқовтың атындағы көше әкімнің әкесінің атына өзгертілмек» - ОҚО-да даңқты композитор, Қазақстан Әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың атындағы көше атауы басқаша болып өзгермек.
ZHASALASH.KZ. «Ыржақай» - Қайбiр күнi редакцияға елге белгiлi ақын ағамыз телефон шалып, салған жерден былай дедi: “Өткенде “Желтимес" деп Кәрiм Мәсiмовтi жаздыңдар.
«"Өтембаевты нелiктен босатты?" деген сұрақтың жауабы айқындалып келедi» - Жәбiрленушiлер мен олардың өкiлдерi 2006 жылы қылмысқа тапсырыс берушi ретiнде сотталып, 2014 жылы қылмыста жаңа деректер табылуына байланысты қылмысқа айдап салушы деп танылып, жазасы жеңiлдеген Ержан Өтембаев шын мәнiндегi қылмыскердi бiледi деп есептейдi.
«Орыс тәрбиесiн алған бала ұлт қызметкерi бола алмайды» - Бiз қанша реформа жасасақ та бiлiм саласын тәртiпке келтiре алмай әлектенiп келемiз. Дұрысы, болашағымыз – қазақ балаларына ұлттық тәрбие бере алмай жүрмiз.
QAMSHY.KZ «Өзбек журналист Рақымжан Қошқарбаевтың ұлты “өзбек" деді» -Жақында ОҚО-да шығатын"Жанубий Қозоғистон" атты жергілікті өзбек диаспорасының мерзімдік газетінде қазақтың батыр ұлы, жеңімпаз КСРО туын Рейхстагқа тіккен -Рақымжан Қошқарбаев туралы даулы мақала жарық көрді. Аталмыш газетте мақала авторлары Рақымжан Қошқарбаевтың ұлтын - "өзбек" деп көрсеткен.
В Атырау +4