Атырау, 21 мамыр 16:45
 ашықВ Атырау +18
$ 511.59
€ 575.28
₽ 6.33

«Елбасы қазақтың билігін үкіметке тапсыра ма?». «Назарбаев СССР-ге қарсы санкцияны еске салды». «ҰБТ қарсаңында “тест саудасы" қызды». «Ату жазасына кесілген жалғыз қазақ қызы кім?». «Қазақтар Лондон мен Дубайдың нарығын қыздыруда».

2 116 просмотра

AZATTYQ. ORG «Назарбаев СССР-ге қарсы санкцияны еске салды» - Қазақстан президенті ресейлік телеарнаға сұхбатында Ресейге қарсы санкция және "Қытайдың Қазақстанға қаупі" туралы айтты. Бұл - Назарбаевтың сайлаудан кейінгі алғашқы сұқбаты.

«Батыс киіктердің қырылу себебін іздеп жатыр» - Батыс басылымдары Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылуы туралы жазып жатыр. Олар жануарлардың қырылуын «нағыз қасірет» деп атайды.

«"Ислам мемлекеті" орысша журнал шығарды» - «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы орыс тіліндегі «Исток» деп аталатын журналының алғашқы нөмірін шығарды. Ұйымның «әл-Хаят» ақпараттық бөлімшесі Twitter-дегі орыстілді аккаунтында мұның өз өнімі екенін айтты.

«ҰБТ қарсаңында “тест саудасы" қызды» - 2 маусымда Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) басталады. Оған оқушылар әртүрлі жолмен дайындалып отыр. Бірі өз біліміне сенсе, енді бірі тест тапсырудың «жеңілірек жолына» иек артқан. Соңғылардың есебінен пайда тапқысы келетіндер де бар.

ABAI.KZ. «Қазақ байлары. Олар кімдер?» - Бүгін жазықсыз жаппа шеккендердіжәне ашаршылық құрбандарын еске алып, күрсініп жатырмыз. Тарихты жадымызға жиі еске алып тұрған дұрыс.

«Кешірілген қылмыс қайталанады. бұны ұмытпау керек!» - «Қолдан жасалған алапат ашаршылық пен қуғын-сүргін күнін бөлек атап өтуіміз керек».

ALASHAINASY.KZ «Ату жазасына кесілген жалғыз қазақ қызы кім?» - «Е-е, Шұға десе, Шұға еді-ау...» деген күрсініспен басталатын Бейімбет Майлиннің «Шұға» әңгімесін оқымаған жұрт жоқ шығар. Сол секілді есімін күрсініспен еске алатын қазақтың қыршын ғұмыр бір қызы бар – Шахзада Шонанова. Мен бұл есімді алғаш рет Алаш арысы Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар әжейдің аузынан естіген едім.

«Парламент бала құқығына қатысты қандай мәселелер көтерді?» - 1 маусым – балалар құқығын қорғау күні. Осы негізде «Алаш айнасы» еліміздің заң шығарушы органы – ҚР Парламенті Мәжілісінің қабырғасында биыл балалар құқығына қатысты қандай мәселелер көтерілгенін шолып шықты.

TURKYSTAN.KZ «Қазақтар Лондон мен Дубайдың нарығын қыздыруда» - Талай қандастырымыз үшін үлкен шаһардың қорап пішіндес үйлерінен аз дегенде алты қадамдық пәтерді жеке меншікте иелену арман болса, базбіреулердің тілек-мұраты әлдеқашан шекара асып, ынта-ықыласы мұхиттың ар жағына ауған. Ресми деректерге қарағанда, бүгінде жарты миллионға жуық қазақстандықтың шетелде жылжымайтын мүлкі бар көрінеді.

JAQSY.KZ «Жеті бассыздық. Қазақстан, сен ғажапсың!» - Біз кейде еліміздегі адам хұқы мәселесіне разы болмай жатқанда, әрине, басты «құбыламыз» деп Батысты көрсетіп жатамыз. Алайда, сол Батыстың өзінде де адам құқығының гүлдеп кетпегенін байқай бермейміз, әлде байқағымыз келмейді.

QAMSHY.KZ «Елбасы қазақтың билігін үкіметке тапсыра ма?» - Елбасы Нұрсұлтан ӘбішұлыныңҚазақстандағы көп билікті Үкімет пен Парламентке тапсыру туралы жасаған бүгінгі мәлімдемесі қазақ саясаткерлері мен БАҚ-та қызу талқылануда.

1 маусым 2015, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.