Атырау, 5 желтоқсан 11:17
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тергеуші 500 мың теңге парамен ұсталды

3 142 рет қаралды

Image 0Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерін пара алды деген күдікпен ұстады.

Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан ҚАМБАТЫРОВ былай деп хабарлады: «Біздің жедел топ қызметкерлері мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкері азамат Ж-ны азамат Х-дан 500 мың теңге мөлшерінде пара алу кезінде ұстады. Пара ҚР ҚК-нің 235-бабында («Ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау») қарастырылған қылмысқа айыпталған азамат Х-ның қылмыстық істегі кінәсін мойындау туралы мәміле түріндегі іс жүргізу келісімін жасауға арналған. Ж-ға қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс №2 Атырау қалалық сотында қарастырылуда».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 мамыр 2015, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.