Атырау, 5 желтоқсан 10:05
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«ЕО мен Ресейге күмәнмен қарайтын тұлға». «Ақталуға еш асықпайтын Ресей бұл жолы неге шала бүлініп жатыр?». «ЭКСПО: шындық пен сандырақ». «Ферғанада хиджаб пен мешіт биліктің қырына ілікті».

1 702 рет қаралды

AZATTYQ. ORG «Ферғанада хиджаб пен мешіт биліктің қырына ілікті» - Ферғана алқабының Өзбекстанға тиесілі аймағында базарларда киім кию тәртібіне жаңа өзгерістер енгізіліп, мешіттердегі намаз уақыттарын көрсететін электронды сағаттар өшіріліп жатыр.

«ЕО мен Ресейге күмәнмен қарайтын тұлға» - Польшаның жаңа президенті - оппозициялық «Құқық және әділеттік» партиясының өкілі Анджей Дуда Брюссельден де, Мәскеуден де алшақ саясат ұстануды жөн санайды.

ALASHAINASY.KZ «Ақталуға еш асықпайтын Ресей бұл жолы неге шала бүлініп жатыр?» - 16 мамырда «Протон» апатқа ұшырай салысымен Ресейдің құзырлы органы оның экологияға еш зияны жоқтығын айтып, асығыс мәлімдеме жасады.

«Атағы да жоқ, атақта шатағы да жоқ актер» - Ол кісінің азан шақырып қойған есімі – Илхам. Зайсандықтардың еңкейген кәрісінен, еңбектеген жасына дейінгілері Елаға атап кеткен.

JAQSY.KZ «ЭКСПО: шындық пен сандырақ» - «Егер Астанаға шамадан көп жауын-шашын түссе, оған табиғат емес, ЭКСПО кінәлі. Егер кен байыту комбинатынан бір адам қысқарып жатса, оған дағдарыс емес, ЭКСПО кінәлі. Қостанайда ақбөкен, Каспийде итбалық қырылса да, Алматыда екі көлік бір-біріне соғысса да, ЭКСПО кінәлі» Қысқасы, ақылға сыйсын, сыймасын, біздегі екі проблеманың біріне ЭКСПО деген құбыжық айыптыдай көріне бастады.


27 мамыр 2015, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.