Атырау, 5 желтоқсан 10:05
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин не туралы сөйлеспек?». «"Қазғарыш" агенттігі 1,5 млрд. долларды қайда жұмсады?». «Генерал-полковник Жоламаовтың бір күні». «Әліби Жұмағұловтың қорғаушысы сот медициналық сараптама нәтижелерін жария етті».

2 190 рет қаралды

AZATTYQ. ORG «Орыс солдаты Макеевканың түбінде тұр» - «В бой идут одни старики» фильмінде ойнаған актер Владимир Талашко украинаның патриоттық сарындағы ролигіне түсті.

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин не туралы сөйлеспек?» - Сарапшылар «Қазақстан мен Қытай басшылары екі ел арасындағы әлсірей бастаған сауда қарым-қатынасы мен трансшекаралық өзендер мәселесін де талқылайды» деп болжайды.

«Түркіменнің газына Кремльдің бөгеті» - «Каспий – бейбітшілік пен достық теңізі» деген сөзді теңіз жағасындағы Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан басшыларының қайталап келе жатқанына 20 жылдың жүзі болды.

ALASHAINASY.KZ «"Қазғарыш" агенттігі 1,5 млрд. долларды қайда жұмсады?» - Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігі Инвестиция және даму министрлігіне қарасты аэроғарыш комитеті болып былтырғы жылы қайта құрылған болатын. Комитетке «Қазғарыш» атауы берілгендігі де белгілі. Соңғы уақыттарда еліміздегі ғарыш саласында дау-дамайлар жиі орын ала бастады.

«Әскер бізге не үшін керек?..» - Әрбір елдің әскери доктринасы – сол елдің Қарулы Күштер саласының міндеттері мен миссиясын анықтайтын басты құжат болып табылады.

ABAI.KZ. «Генерал-полковник Жоламаовтың бір күні» - Осы очеркті 2014 жылдың қазан айының соңында жазып едім. Жазып болып, аккаунтқа салған күні генерал-полковник Нұрлан Жоламанов ұсталып кетті де, мен бұл очеркті сол заматта алып тастаған едім.

«Қытай билігіне азаматтық үндеу» - Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесінде қазақ халқының өкілдеріне жасалған шабуыл туралы хабарға байланысты азаматтық Үндеу.

QAZAQUNI.KZ «Әліби Жұмағұловтың қорғаушысы сот медициналық сараптама нәтижелерін жария етті» - Астаналық кәсіпкердің аяусыз соққысына жығылған Әліби Жұмағұловтың қорғаушысы Хамида Айтқалиева жүргізілген сараптама нәтижелерін жария етті.

«Қазыбек ИСА: Ұлттық рухты ояту – ұлттық мүддені қорғай білуден басталады!..» - «Ақ жол» партиясы төрағасы орынбасары, “Қазақ үні" газеті президенті, ақын, Халықаралық Алаш сыйлығы мен Халықаралық С.Есенин атындағы сыйлық – “Золотая Осень" орденінің иегері, журналист Қазыбек Исадан бүгінгі қоғам мен ұлттық мүдде тұрғысында әңгіме өрбіткен едік, соны оқырман қауымға ұсынып отырмыз.

ZHASALASH.KZ. «А.Қапашева: «Республика» Мұсаевтың менiмен кездескенiн неге жазбайды?» - Судья Андеас Бем прокуратураның деректерiнен шикiлiк тапқан соң, басты айыпталушылар – Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертiп, оларды босатқанын жазған едiк.

«Орындалмайтын тапсырмалар» - Президенттiң төрағалығымен “тарап барып" қайта тағайындалған үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өттi. Әдеттегiдей түрлi мәселеге күркiрей шүйлiккен Н.Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадамның практикалық жайттары мен аталған реформалардың әрқайсысы бойынша мiндеттер тапсырды.

«Халқы “аспанға қараған" елдiң депутаттары қу болады» - Құдай-ау, сенер-сенбесiңдi бiлмейсiң, үндемес депутаттар Қайрат Нұртаспен жарыса ән салып жүр.



8 мамыр 2015, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.