Атырау, 5 желтоқсан 10:05
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Өзгеріссіз үкімет кезінде “мұрагер" болжамы айтылды». «Қызбалыққа салынған судья айыпталушыларды босатып жiбердi». «КСРО-ның 60 жыл бұрынғы құпия операциясы: 43 мың әскери көз жұмды». «Юрий Швец, КСРО-ның бұрынғы барлаушысы: Путин – өте қорқақ адам».

2 222 рет қаралды

AZATTYQ. ORG «Өзгеріссіз үкімет кезінде “мұрагер" болжамы айтылды» - Азаттық тілшісінің «Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудан кейін үкімет құрамы мен әкімдерді неге ауыстырмады?» деген сұрағына саясаткер, белсенді, журналист және саясаттанушы комментарий берді.

«"Ұмыт қалған батырлар" туралы кітап туыстарының көмегімен жазылды» - Астанада екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандықтардың беймәлім ерліктері туралы «Ұмыт қалған қаһармандар. Совет Одағының батырлары» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап материалын жинау үшін автор халықтың көмегіне жүгінген.

«Олимпиада алдында өзге елге кеткен спортшылар» - Қазақстан құрамасына енбей қалған спортшылар басқа елдердің азаматы атанып, Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама алуға қамданып жүр.

ZHASALASH.KZ. «Өзiңдiкi өзiңе бұйырмаған...» - Қараңызшы, бұл қандай заман? Бiр тиынды екi етейiн деп сауда жасасаң – жиған-тергенiң өртенген базармен бiрге күлге айналады.

«Қызбалыққа салынған судья айыпталушыларды босатып жiбердi» - Венада “Нұрбанк" iсi бойынша өтiп жатқан сотта ешкiм күтпеген бетбұрыс болып, қамаудағы Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк сот залында босатылды.

«Ұлтшылдар партиясы және ұлттық идеология» - Режиссер Еркiн Рақышевпен сұхбат.

«Юрий Швец, КСРО-ның бұрынғы барлаушысы: Путин – өте қорқақ адам» - Юрий Швец – Украинаның тумасы, Кеңес одағының бұрынғы барлаушысы әрi Федералдық қауiпсiздiк қызметкерi Александр Литвиненконың жұмбақ өлiмiне қатысты Лондонда өтiп жатқан сот тыңдауындағы басты куәгерлердiң бiрi.

ALASHAINASY.KZ «КСРО-ның 60 жыл бұрынғы құпия операциясы: 43 мың әскери көз жұмды» - «КСРО жарты ғасыр бұрын Орынборда ядролық қаруды сынаған аса құпия әскери жаттығу өткізді. Оған қатысқан 45 мың совет әскерінің 43 мыңы ауыр жағдайда көз жұмған.

«Еуразиялық топ Қазақстанға қарсы шараларын күшейтпекші» - Қазақстан қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру мәселелері бойынша Еуразиялық топтың ескерткен кемшіліктерін күзге дейін жоюы керек.

JASQAZAQ.KZ. «Әліби "ісі"» - Елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиев өлімші етіп ұрды деп айыпталған Әліби Жұмағұлов 29 сәуірде ауруханадан шықты. Кеше, 30 сәуір күні оның қорғаушысы Анатолий Үтбанов Әлібидің басқа ауруханаға ауыстырылғанын жеткізді. Алайда науқастың хал-күйін дәрігерлер мен туыстары құпия ұстауда.


5 мамыр 2015, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.