Папуа-Жаңа Гвинеяда екі рет жер сілкінді, деп хабарлайды Вести.
Папуа-Жаңа Гвинея жағалауында магнитудасы 7,5 балдық жер сілкінісі болды. Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат әзірше түскен жоқ, дегенмен билік цунами қаупі туралы хабарлады. Қазіргі таңда халық жаппай қауіпсіз орындарға көшіріліп жатыр. Жерасты дүмпулерінің ошағы Кокопо қаласынан 139 шақырым қашықтықта орналасқан.