ALASHAINASY.KZ «Еркектің көзін тойдыратын да, сорын қайнататын да – сұлулар» - Бүгінгі күннің ең шулы жаңалығы – бизнесмен Қайрат Жамалиев пен оның тоқалы Айнұр Исинаның арасындағы отбасы, ошақ қасылық әңгіме.
AZATTYQ. ORG «Мұсаев пен Кошляк қамаудан босады» - Алдын ала қамауда отырған сотталушылар - ҰҚК-нің бұрынғы офицерлері Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякты абақтыдан босатты. Алматылық екі банкирді қастандықпен өлтіру ісін қарап жатқан Вена сотында «қайшы ақпарат» табылған.
«ИМ Мосул тұрғындарына сақал өсіруді міндеттеді» - «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобы Мосул қаласының (Ирак) барлық ер тұрғындарына сақал жіберуді бұйырған. Олардың айтуынша, «шариғатта беттегі түкті қыру - харам» саналады.
«Қазақстанда БАҚ еркіндігі Солтүстік Кореямен шамалас» - Freedom House ұйымының соңғы баяндамасында 2014 жылы баспасөз еркіндігі ахуалы нашарлағаны байқалған. Рейтингте 185-ші орында тұрған Қазақстан баспасөз еркіндігі шектелген елдер қатарына енген.
SERKE.ORG. «"Әлиевтің ісі" оппозиция ішінде реніш тудырды» - «Нұрбанктің» екі топ-менеджері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде өзгерістер оппозициялық топтардың алауыздығын тудырды.
ULT.KZ «Қазақстан баспасөз еркіндігі тізімінде соңғы орындарда тұр» - Баспасөз еркіндігі деңгейі бойынша Қазақстан 199 мемлекеттің ішінде 185-орын алды, деп хабарлайды Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымына сілтеме жасап ҚазТАГ.
ZHASALASH.KZ. «Келесi президент кiм болады?» - Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры, саясаттанушы Толғанай ҮМБЕТӘЛИЕВА қоғамдағы көп процестердiң негiзгi себебiн президенттiң шынайы рейтингiсiнiң төмендiгiнен тарқатады.
«"Сегiз миллион әйелдiң сезiмi" мен Сүлеймендi “демалтқан" қартаң серiнiң қалжыңы» - Әнеугүнi, шамамен сайлаудан он шақты күн бұрын темiртаулық Наталья дейтiн жирен шаш әйел президенттiң әдiрiсiне әдемi бiр сөз айтқан.
AIKYN.KZ «Шоқан сүйген сұлулар» - Тұрсынбек Кәкішұлының «Сәкен сүйген сұлулар» эссе-кітабы бар. Кітапта Сәкеннің серілігі кеңінен суреттеледі. Тұрсынбек атамыз ақынның сүйіп өткен аруларының бейнесіне айрықша тоқталған.
JAQSY.KZ «ЭКСПО, сенен не пайда?» - Бізде неге қала бар да, қалалық орта жоқ? Бізде неге қала тұрғындары бар да, қаланың тұрғыны ретінде өзін жайлы сезініп, жақсы көңілмен жүретіндей ыңғайлылық, қолжетімділік, әсемдік қарастырылмаған? Осы жайлы және оған ЭКСПО-ның әсері жайлы.