Атырау, 28 қараша 10:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Бірден сотқа бару қажет емес

2 625 просмотра

Image 0Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі өзгерістер жөнінде «дөңгелек үстел» өтті.

АІК-гі өзгерістер 2014 жылдың 5 желтоқсанында заңды күшіне енгеніне қарамастан мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ильяс САДБАН (суретте) әлі күнге дейін сотқа жүгінетін тараптар талап-арыз беру кезінде немесе сотта өз позициясын білдіру барысында қателіктер жіберетінін айтады.

- Бұл кездесуді шақырылған адвокаттар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері үшін құқықтық сауатсыздықты жою деп атауға болады, - деді И.Садбан. – АІК-гі өзгерістерге сәйкес, жазбаша келісім жасалған кез келген субъектілер сотқа жүгінбес бұрын келіспеушілікті сотқа дейінгі тәртіппен 21 күннің ішінде шешуге тырысулары тиіс. Бұл кезеңде олар талап қойып, келіссөздер жүргізуі немесе электронды пошта арқылы хат алысулары тиіс. Ал, сотта бейбіт жолмен дауды шешуге тырысқандарын, бірақ келісімге келе алмағандарын, содан кейін ғана сотқа жүгінуге мәжбүр болғандарын дәлелдеуі керек. Енді, егер тараптар сотқа дейінгі тәртіппен келісімге келуге тырыспаса, сотта олардың арыздары қабылданбайды немесе судья оны қараусыз қалдырады.

- Ал, бұл өзгерістерді енгізуге қандай қажеттілік болды?

- Тараптар кез келген даулы жағдайда мемлекеттік баж салығына қомақты қаржы жұмсап, бірден сотқа жүгінбес үшін. Тағы бір маңызды себеп – судьялардың жұмысын жеңілдету керек болды. Өткен жылы бізде республика бойынша көп жүктеме болды. Бұл өз нәтижесін бере бастады деп ойлаймын.

- Бұл жерде мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарттар жөніндегі даулар туралы көп айтылды.

- Иә, біз білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерін әдейі шақырдық. Өйткені, осы салаларда мемлекеттік сатып алулар бойынша дау жиі туындап жатады. Бүгінде әрбір мектеп немесе емдеу мекемесі сатып алуларды өздері жүргізеді. Әдетте, мұнымен айналысу үшін басшылық заңды егжей-тегжейлі білмейтін есепшілерді тағайындайды, ал штатта заңгерлер қарастырылмаған. Сондықтан мектеп пен аурухана жеткізушілерімен жасалған келісімшарттар бұзылған кезде, типтік келісімшартта бекітілген сотқа дейінгі талқылау мүмкіндігін пайдаланбай, бірден сотқа жүгінген. Енді, егер зардап шегуші тарап тұрақсыздық үшін өтемақы талап еткісі келсе, тараптар арасында сотқа дейін талқылау міндетті болды. Жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға алақол қатысушы деп тану үшін сотқа дейін талқылау қажет болмайтынын нақтылап өткім келеді. Бірақ ол тұрақсыздық айыбын өндіріп алу тұрғысында міндетті болып табылады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.