ALASHAINASY.KZ «Aуқаттыларды ауылға инвестиция салуға міндеттеу керек пе?» - Кешелі бері белгілі болғандай Ресейдің ауқатты кәсіпкерлері Олег Дерипаска, Владимир Потанин, Виктор Бударин өз елдерінің ауыл шаруашылығы саласына ай сайын тапқан табыстарының 20-30 пайызын аударып отыратын болды.
AZATTYQ. ORG «Қашқан оппозиционердің жезделері бала-шағаларын тастап кетті» - Тәжікстандық оппозициялық саясаткер, қазір Испанияда жүрген Шарофиддин Гадоевтың елінде қалған үш әпкесінің күйеулері отбасын тастап кеткен. Мадрид Гадоевты Тәжістанға экстрадициялаудан бас тартқан.
«Түркіменстан тәуелсіз ақпараттың тарауын шектемек» - Түркіменстандағы үкіметтік емес ұйымдар бірлестігі «Үкімет жекеменшік телеарналар мен радиолардың спутник антеннасын алып тастау туралы шешім шығарды. Мақсат – Азаттықтың Түркімен қызметі хабарларын таратпау» дейді.
ABAI.KZ. «Ортақ валютадан оңаша теңгеміз артық» - «Теңгеміздің тағдыры талапайға түсіп кетті ғой!», - деп қапаланып жүрген халықтың құлағына сүйінші хабар кеп жетті!
«Ғарышқа қазақ ұшқан жоқ» - Әлі күнге дейін, қазақ азаматы ғарышқа самғап ұшқан жоқ. 1991 жылыТоқтар Әубәкіров КСРО азаматы ретінде орбитаға шықты.
«Қазақ неге жөн сұрасады?» - Бұрын сұрасатын. Көзіміз көрді, қариялар құдаласатын жандай әңгімелерінің бісмілдәсіносыдан бастайтын. Қазір де солай, танымайтын екі қазақ қай жерде кездеспесін сөздерін «қай жерденсің?» - деп бастап, ағалы-інілі немесе нағашы-жиен болып аяқтайды.
QAZAQUNI.KZ «Қанға – қан, кланға – клан: Түсіпбеков-Қожамжаров текетіресі» - Бірақ, алданып қалмаңыз, сырт көзге мүлгіген тыныштық орнағандай көрінгенімен, билік дәліздеріндегі астыртын ойындар бір сәтке де тоқтар емес. Түптеп келгенде, сайлау – саяси кландардың өзара «разборкаларын» уақытша болса да тоқтата алмайды.
«Берік Әбдіғалиұлы, саясаттанушы: Дәл қазір қазаққа нұрлы ақыл мен ыстық қайрат қажет» - Жаңашыл да іскер басшы, білікті ұйымдастырушы Берік Әбдіғалиұлының халық тағдырына қатысты айтқан бір әңгімесінде «Қазаққа ұлттық арман керек!» деп қалғаны бар еді. Неліктен екенін, Бекеңнің сол бір байламы көкейде жатталып қалыпты.
«Ережеп айында туған Ердоған кім еді?» - Өткен аптада ресми сапарымен елімізге келуіне байланысты Қазақстандық БАҚ Түркия Президенті Ердоған туралы көп жазды.
ULT.KZ «130 миллиард — аз ба, көп пе?» - Кеше Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат ҚОЖАХМЕТОВ мырза жақсы бір жаңалықтың «құлағын қылт» еткізді.
SHYN.KZ «Қажгелдин қайта оралады» - Қазақ елінің қазіргі билігі тоқсаныншы жылдардың ортасында егемен еліміздің екінші премьер-министрі қызметін атқарған Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИНді елге қайтару мәселесін ойластыра бастағанға ұқсайды.
ZHASALASH.KZ. «Қатерлi үш анық: Путиннiң ұсынысы. “Алтын" ақша. Теңгенi жерлеу» - Апта басында Алматыдағы “Астана" қонақ үйiнде өткен “Ортақ валюта: аңыз бен ақиқат" атты дөңгелек үстелде айтылған пiкiрлердiң кейбiр бөлiгi Ресей валюталық интеграцияны тым тездету арқылы геосаяси мақсаттарды көздеп жатыр дегенге сайды.
«Президенттiң немересi жиi сөз болды» - “Нұрбанк iсi" бойынша Венада өтiп жатқан сот отырысында кеше түске дейiн басты күдiктiлердiң бiрi В.Кошлякты сұрапты.
«Отандық Исекешев» - Iшкi нарықты Ресейдiң арзан-құрзан тауары басып қалған соң, билiктен дегбiр қашты. Сонау ақпан айында-ақ мемлекет басшысы отандық тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен өтiмдiлiгiн арттыру үшiн жергiлiктi әкiмдердiң белсендiлiгi керек екенiн ескерткен. Сол сол-ақ екен әкiм бiткен дүкен жағалап, “Қазақстанда жасалған" бұрышын ашудың қамына кiрiскен едi.
В Атырау +4