Атырау, 19 желтоқсан 17:25
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Украина: бір жылдан соң. Қазақстан алатын сабақтар». «AI: “Сепаратистер Украина сарбаздарын ату жазасына кескен"». «Назарбаев неге үнсіз?». «Шоу – тобырдың ермегі. Қазаққа осы керек пе?». «Орталық Азияда тағы бір “көшбасшы" бой көрсетті».

1 925 просмотра

ALASHAINASY.KZ «Украина: бір жылдан соң. Қазақстан алатын сабақтар» - Украина дағдарысының посткеңестік кеңістікке қанат жоюы болжануда. Бұл туралы «Украина: бір жылдан соң. Қазақстан алатын сабақтар» атты Алматыда сәрсенбіде өткен дөңгелек үстел талқысында отандық сарапшылар мәлімдеді.

«Алтының көп, уайымың жоқ болсын» - Әлем бұрынғысынша валюталарды «төбелеске шығарып» мәз болып жүр.

AZATTYQ. ORG «AI: “Сепаратистер Украина сарбаздарын ату жазасына кескен"» -Amnesty International Дондастағы ресейшіл сепаратистердің тұтқынға түскен Украина солдаттарын атып тастағанын мәлімдеді. Құқық қорғаушы ұйым «жантүршігерлік айғақтар» тапқан.

«Молла Омардың құпия өмірінің деректері жарияланды» - «Талибан» содырлар қозғалысы көпшілікті таңғалдырып, жұрт көзінен таса жүрген басшысы Молла Омардың «өмірбаянын» жариялады.

«Орталық Азияда тағы бір “көшбасшы" бой көрсетті» - Тәжік ғалымдары Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға «ұлт көшбасшысы» атағын беруді ұсынды. Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл мәртебе бес жыл бұрын берілген.

ABAI.KZ. «Шоу – тобырдың ермегі. Қазаққа осы керек пе?» - Кешелі бері «Абайды қорлаған әнші заң алдында жауап беруі тиіс», «Шал» мен «Келін» қазақты қорлаған фильмдер» дегендей материалдар оқып шықтым. Тоқ етері – мынау: «Бұлар қазақтың ар-намысын аяққа таптап, шоу жасап отыр»,-дегенге саяды. Бұл - бір.

TURKYSTAN.KZ «Торқалы тойдағы топалаң сынға ұшырады» - Қазақтың тойынан дәстүрлі ән кетті, сән кетті деп ұлттық өнердің өкілдері дабыл қаққалы қашан?! Қамсыз қазақ ұлттық болмысы қожыраған қоғамды да қош көріп, қорлығына көне беретін сияқты.

«Білім саласы: әрі тарт та, бері тарт» - Білім — инемен құдық қазғандай аса күрделі процесс.Оны пәлсапашыл қазақ халқы баяғыдан-ақ байқаған.

ULT.KZ «Назарбаев неге үнсіз?» - Сәуірдің алтысы мен тоғызы аралығында Мәскеуде бас қосқан сириялық оппозиция өкілдерінің елдегі дағдарыс мәселесіне байланысты өз үкіметімен қандай да болмасын нақты бір келісімге келе алмай жатқаны белгілі.

«Иранға қарсы Сауд Арабиясының жақтастары кім?» - Таяу Шығыстағы АҚШ-тыңсоңғы әрекеттері Эр-Риядты қатты алаңдатуда.

ZHEBE.COM «Наурыз айының әкімдер рейтингі жарияланды» - «Саясат-Monitoring» тобы әдеттегідей ай сайынғы әкімдер жұмысының тиімділігін көрсететін рейтингті жариялады.

ZHASALASH.KZ. «Тракторға жарымай жүргенде тiкұшақ не теңiм?!» - Өзге елдi қайдам, әйтеуiр Қазақстанның дағдарысқа қарсы шарасы ылғи дайын тұрады.


10 сәуір 2015, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.