Атырау, 19 желтоқсан 17:06
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Рубль күш ала бастады, бұдан біз нені аңғарамыз?». «Иран төңірегіндегі оқиғалардың дамуының үш нұсқасы». «Атаңның “кәлласын алған" кiм екенiн таппасақ болмас». «Қадыровты Путин тайраңдатып отыр». «БҰҰ маманы Калачи мен Березовкадан көшуге үндеді».

1 915 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Атаңның “кәлласын алған" кiм екенiн таппасақ болмас» - Қатты “дамып кетсең де" қиын-ау, қазақты көре алмайтын ел көбейдi. Өзгенi қойып, өзiмсiнiп жүрген iргедегi көршiлердiң де әне жер-мiне жерi “тырысып" қалды қазiр. Тырысқан соң, не iстейдi? Тырнақ астынан кiр iздейдi.

«Қадыровты Путин тайраңдатып отыр» - Сейсенбi күнi Ресейдiң оппозициялық сая­саткерi Борис Немцовтың қазасына 40 күн толды. Бұл күнi серiктерi мен үзеңгiлестерi саясаткердi еске алып, оның қаза тапқан жерiне гүл шоқтарын қойды.

ALASHAINASY.KZ «Рубль күш ала бастады, бұдан біз нені аңғарамыз?» - Кешелі бері Ресей рубльі күш ала бастады. Бұл көрші ел валютасының жыл басынан бері үздіксіз құнсызданудан кейінгі алғаш беки түсуі.

AZATTYQ. ORG «Қазақстанда балалар кітабы неге аз шығады?» - Қазақстанда шығатын балалар әдебиеті жыл сайын азайып барады. Сарапшылар «мұндай қарқынмен қолда бар оқырманымыздан айырылып қалуымыз мүмкін» деп қауіптенеді.

«БҰҰ маманы Калачи мен Березовкадан көшуге үндеді» - БҰҰ-ның улы қалдық заттар жөніндегі арнайы өкілі Башкут Тунчак Ақмола облысындағы Калачи және Батыс Қазақстан облысындағы Березовка ауылы тұрғындарын көшіру қажет деп мәлімдеді.

SERKE.ORG. «"Ислам мемлекетінің" содырларына дем беріп отырған кім?» - «Шетелдік содырлардың мыңдап келіп жатқанына қарамастан, «Ислам мемлекетінің» лидерлерінің барлығы дерлік - бұрынғы ирак офицерлері», - деп жазады The Washington Post.

SKIFNEWS.KZ «Толғауы тоқсан» - Рас, соңғы жылдары ел арасында жиі көтеріліп, қоғамдық пікір туғызып жүрген мәселенің бірі – көпнекелілік жайы дер едік.

BUSINESSNEWS.KZ «Bank of America: Қазақстанға ағымдағы жылы 30%-ға девальвация жүргізуге тура келеді» - Қазақстан егер 30%-ға теңгенің кезекті девальвациясын жүргізбесе, 2015 жылы елдің экономикасы рецессияға жақын, деп хабарлайды Bank of America (BofA) Merrill Lynch баяндамасына сілтеме жасаған ҚазТАГ.

«Иран төңірегіндегі оқиғалардың дамуының үш нұсқасы» - Қазіргі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер немен аяқталуы мүмкін? «Деловая неделя» апталығының саяси шолушысы Юрий Сигов өткен жұмада жарияланған талдамалық мақаласында осындай сауал төңірегінде ой бөліседі.


9 сәуір 2015, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.