ALASHAINASY.KZ «Біз бәсекеге түсе аламыз ба?» - Еуразиялық одақтағы импорт алмасу, экспорт және бәсекелестік деңгейі қандай болады?
«Cарапшы: Теңгені 30 пайызға девальвациялауға тура келеді» - Бүгін АҚШ-тың ең ірі инвестициялық банктерінің бірі - Bank of America (BofA) сарапшылары «алдағы уақытта Қазақстанға теңгені 30 пайызға құнсыздандыруға тура келеді» деп мәлім етті.
«АЭС салушы анықталатын күн жақын» - «Қазақстан тарихындағы тұңғыш атом электр стансасын біз салатын болдық!» деп хабарлап жіберді кеше Ресей тарапы.
AZATTYQ. ORG «Шенеуніктердің жеті таңбалы жалақысы» - Қазақстанда кейбір шенеуніктер қанша жалақы алатынын жариялады. Мұнан соң бақылаушылар байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ұлғайғанын айтты.
«Орталық Азияда тағы бір “көшбасшы" бой көрсетті» - Тәжік ғалымдары Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға «ұлт көшбасшысы» атағын беруді ұсынды. Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бұл мәртебе бес жыл бұрын берілген.
ABAI.KZ. «Еліне оң қараған әкім неге оңбайды?» - Аймаққа жаңа әкім келген кезде жамағат бір елең етіп қалатыны белгілі.
«Бақ – бақ. ертең “қап" деп жүрмейік» - Қазақстанның ақпараттық кеңістігін бүгінде Ресей идеологиясы жайлап тұрғаны жайлы күнде айтылып та, жазылып та жатыр.
SERKE.ORG. «Ираннан санкцияның алынуы кімге тиімді?» - Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты 5 мүшесі және Германия Иранның ядролық бағдарламасына қатысты шешімге келді.
SKIFNEWS.KZ «Проблемалық ипотека: ақша бар, ақша жоқ?» - Біздің жер аумағы өте үлкен, табиғи байлығы да өте-өте көп... алайда тұрғын саны өте-өте аздау болып саналатын тәуелсіз елімізде ең-ең... басты-басты проблемалардың бірі әлбетте, баспана мәселесі.