AZATTYQ. ORG «Каримов және Назарбаевпен бірге 30 жыл» - Билікте отырғанына ширек ғасыр болған Өзбекстан пен Қазақстан президенттері қызметінде бес жылға тағы қалуы мүмкін. 77 жастағы Ислам Каримовтың жуырда қайта сайлануы әлемде әрқилы реакция тудырды.
«Шымкентте көпбалалы отбасы “жыртық үйді” қыстап шықты» - Шымкентте үй мен жер кезегінде тұрған тұрмысы төмен көпбалалы отбасы қыстыгүні жалдамалы жыртық там төбесінен су сорғалап, қабырға сылағы құлап, көктемге әупіріммен ілінгендерін айтады. Әкімдік олардың үй кезегінде 4 мың 284-ші тұрғанын, кезек жеткенше күтетінін ескертті.
«Ресейдің тролльдерге арналған сайты» - Кремльшіл интернет-тролльдер Батыс пен Украина жетекшілерін мұқату үшін арнайы сайттағы суреттерді пайдаланады. Бұл сайт әлгіндей мақсатпен құрылған.
ABAI.KZ. «Валюталық одақ: қатер ме, жаңа мүмкіндік пе?» - Астанада өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастығының саммитінде талқыланған маңызды мәселелердің бірі валюталық одақ идеясы. Бұл ретте сарапшылар тарапынан ең жиі талқыланып отырған мәселе валюталық одақ бізді қайда апарады?
«Мамытбековтің мақамы: “ақбас – алға бас...”» - Батыс елдеріндегі сияқты емес, қазақ елінде қазақстандықтардың дастарханын көз алдыңа етсіз елестету мүмкін емес. Содан ба екен, басқа министрлерге қарағанда ауыл шаруашылығы министрін қазақстандықтар көбірек мазалайды.
ALASHAINASY.KZ «Сарапшы: Иран санкциядан босатылса, мұнай бағасы 20 доллардан да төмендейді» - Бірер күн бұрын АҚШ пен Еуроодақ Иранға қарсы қаржылық-экономикалық санкциялардың алынып тасталатынын мәлім етті.
«Тимур Құлыбаев Ұлттық банк қызметін сынға алды» - Тимур Құлыбаев Ұлттық банк жұмысын сынға алды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алқа төрағасы, елдегі бас банк бизнеске көңіл бөлмей отыр, дейді.
«Отандық туризм шетелдіктер үшін тартымды ма?» - Жақында қазақстандық журналист Гүлнар Кенееваның атына Лондон тұрғыны Адам Смиттен хат келді.
«Дүниежүзілік банк: Ресей экономикасы әлі де құлдырайды» - Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, келесі екі жылда мұнай бағасының төмендеуі мен батыс елдерінің Ресейге Украинадағы жанжалға киліккені үшін салған санкцияларынан Ресей экономикасы бұған дейін болжанған көрсеткіштен де төмен құлдырайды.
SKIFNEWS.KZ «Ортақ валюта болмайды!» - Соңғы кездері екінің бірінің басын ауыртып, жүйкесін жұқарта бастаған ЕАЭО-ның аумағында болып қалады-ау деген ОРТАҚ ВАЛЮТА мәселесіне бүгін үп-үлкен нүкте қойылған сияқты болды. Үп-үлкен нүктені Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мырза қойды.
JAQSY.KZ «АҚШ неге Иранмен ауыз жаласа қалды?» - 1978 жылы Ирандағы революция нәтижесінде билік тізгінін шииттік діндарлар алған соң, АҚШ пен Иран арасындағы шах кезеңінде жылдар бойы жалғасқан достық қарым-қатынас соңына жетті.