AZATTYQ. ORG «Иранға қатысты алдын ала келісім жобасы түзілді» - Иран мен әлемдік алты держава Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты алдын ала келісім жасасты. Келісімге Израиль қарсылық білдірді.
«Орталық Азиядағы киім талқысы» - Орталық Азияның үш елінде киім мәселесі қызу талқыға түсті. Бір елде «шетелдік» діни киім биліктің қырына ілінсе, көрші елде батыс үлгісіндегі ашық көйлекке тиісті. Ал үшінші елде дәстүрді құрметтеу қажеттігін айтады.
AIKYN.KZ «Иран әлемді әлекке салмақ па?» - Иран ядролық бағдарламасына қатысты Швецияның Лозанна қаласында өтіп жатқан халықаралық келіссөз шегіне жетпесе де, біраз мәселенің басы ашылып қалды.
«Үнді сериалдары ұлттық болмысымызды бұзып барады» - «Ащы ішектей созылған сериалдардың ақыры неге апарады?» деп бұған дейін де жазғанбыз. Кез келген елдің сериалы сол елдің мүддесін қозғайтынын да сөз еттік.
«Жүйкені жұқартқан жаңа індет» - Адамдардың күйзеліске түсуі жыл сайын алаңдатарлық жағдайға айналып барады. Тіпті «баяу жарылатын бомбаға» әлем елдері де алаңдап отыр.
SKIFNEWS.KZ «”Сыртқы саясаттың” сараптамасы сандырақ емес-ау?!» - Қазіргі таңда халықаралық жағдайдың қатты шиеленісіп тұрғаны кім-кімге болсын жаңалық емес.
«Сәбит Оразбаев, Қазақстанның халық артисі: Өзбектің әніндегі екі сөздің бірі – “мехнат”, ал қазақтікі – “ойна да күл”» - Аға, біздің естуімізде ұстазыңыз Асқар Тоқпанов: «Менің шәкірттерімнің ішінде Кеңес Одағының Халық артисі атағы берілмей, лайықты бағасын ала алмай қалғаны жалғыз Сәбит Оразбаев» деп отырады екен. Шынымен де, алуға үлгере алмадыңыз ба, әлде басқа себебі болды ма?
ULT.KZ «Кеңес одағының “қақпасын” қағып тұрмыз ба?» - Қазіргі таңда халықаралық жағдайдың қатты шиеленісіп тұрғаны кім-кімге болсын, ауыз толтырып айтарлықтай жаңалық емес.
NAMYS.KZ «СССР қазаққа сор болған жоқ дейсіз…» - Қарағандыға кеткелі «Қазақ әдебиетін» айына бір қарап шығатын болғанмын. Өйткені менің атыма келетін газет бір жамағайынның үйіне барып түседі, ал өзім жаздан бері үшінші рет пәтер ауыстырып үлгердім.
BUSINESSNEWS.KZ «Аман Төлеев билікке наразылық ретінде партиядан шығады» - Ресейдің Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеев Кремльге қыр көрсету ретінде өзінің «Единая Россия» партиясынан шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Родной Новокузнецк» сайты хабарлады.
«Оразалы Сәбден: Қазақстанда ғалымдардың жалақылары күзетшілердің жалақыларынан аз» - Қазақстанда ғалымдар қанша алады, неліктен елде инновациялық идеялар тапшылығы қалыптасып отыр және неге өзіміздің Силикон жазықтығын ашу мүмкін емес? Осы және басқа да сауалдарға Қазақстан ғалымдары одағының президенті, академик Оразалы Сәбден жауап береді.
JAQSY.KZ «Жалған ойын» - Өйткені, бұған дейін әнші-бишінің айналасында тиын жасап жүрген кісінің аяқ астынан саяси тұлға болғысы келіп, жалынды сөздер жаттай бастауы біртүрлі қойлымының біртүрлі репетициясына қатты ұқсайды. Жә, бұл жайында әлі де айтыла-жазыла жатар. Айтпағымыз мынау, «билікке қарсы шықпайтын, бірақ ұлттық мүддені қорғайтын» партия құрмақ ниетіне жұртты сендіргісі келіп отырған топтың бұл миссиясы қаншалықты «ұлтшыл»?