Атырау, 19 желтоқсан 17:18
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ұшқыш ақылынан адасса...». «Р.Әлиевтiң сыбайластары сотқа тартылады». «“Мәңгiлiк көмекшi” және “ойдағы өткел”». «Отандық автоөнеркәсіпті қолдау қажет». «Бас тартсаң, бас бостандығыңнан айрыласың!».

2 093 просмотра

ALASHAINASY.KZ       «Отандық автоөнеркәсіпті қолдау қажет» - Өткен жылдың қорытындысы мен жаңа жыл басталғаннан бергі мәліметтерге сүйенсек, онда дүниежүзі бойынша бір шындықтың беті ашық, ол – әлем бойынша ұзақмерзімді пайдалану тауарларының өндірісі қысқарғандығы.

«2017 жылы доллар мен еуро құны теңеспек» - Еуропа Одағының ортақ валютасы еуроның доллармен қатынас құны айтарлықтай төмендеді.

AIKYN.KZ   «Алтын-валюта қоры артып келеді» - Қазақстан алтын валюталық резерв бойынша әлемде 24-орынға жайғасты. Бұл туралы Халықаралық валюта қоры хабарлады. Еліміздің қазынасында 196,1 тонна алтын бары белгілі болды. Ал көш басында АҚШ тұр.

«Түркі дүниесіне ортақ тұлға» - Биыл түгел түркінің қазынасы, қазақ елінің ұлы ақыны Сүйінбайдың туғанына 200 жыл толады. Жуырда Алматы қаласының жоғары оқу орындарында білім алып отырған студент­тер арасында Сүйінбай ақынның 200 жылдығына арналған айтыс өтті.

ABAI.KZ.   «Бас тартсаң, бас бостандығыңнан айрыласың!» - Бұл – күлкі де, әзіл де емес. Бүгіннен бастап әскери міндетін орындаудан қашып, жалтарғандар қатаң жазаланады.

SERKE.ORG.  «Ұшқыш ақылынан адасса...» - 24 наурызда Барселона – Дюссельдорф бағытымен ұшып бара жатқан немістің Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы апатқа ұшырап, 160 адам қаза тапты. Бұл жағдай еш ақылға сыймай, қауіпсіздік жүйесін қайта қарауды қажет етіп отыр. Осыған байланысты сарапшылар назар аударып отырған бірінші мәселе ұшқыштардың психикалық күйі. Екінші мәселе – кабинада жалғыз адамның қалуы.

ZHASALASH.KZ.    «Р.Әлиевтiң сыбайластары сотқа тартылады» - 14 сәуiр күнi Австрия астанасы Вена қаласында “Нұрбанк” iсi бойынша соттың алғашқы отырысы өтедi. Бұл iстегi басты айыпталушы – Рахат Әлиевтiң қаза болғанына қарамастан, сотқа оның екi сыбайласы – Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк тартылмақ.

«“Мәңгiлiк көмекшi” және “ойдағы өткел”» - Қазақ тарихында үкiмет басқарған азаматтардың тiзiмiне қарап отырсаңыз, “ойпыр-ай” деп ерiксiз таңданасыз.

«Үмiткер үшеу және ...“үндi сиыры”» - Президенттiкке үмiткер үшеудiң үгiт-насихаты басталардан бiр күн бұрын Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарына қарата қатқылдау ескерту жасады.

1 сәуір 2015, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.