Атырау, 19 желтоқсан 17:09
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Меруерт Махмутова: “Бізге ортақ валюта енгізудің қажеті жоқ”». «Қытайдың жаңа банкі Американы алаңдатады». «"Жеңілмейтін" Ислам Каримовтың қайта сайлауы». «Әміржан Қосанов. “Валюталық одақ туралы ой”». «Биліктен қуылғандардың ұлдары».

1 906 просмотра

ALASHAINASY.KZ      «Ортақ валюта жаңа мүмкіндіктер ме, әлде жаңа қиындықтар ма?» - Наурыз айының соңын ала бере қоғамда бірнеше экономикалық мәселелер қызу талқыға түсе бастады. Әсіресе наурыздың 20-сы күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері аясында ортақ валюта енгізу жайы бұқараны біраз ойлантып тастады.

«Меруерт Махмутова: “Бізге ортақ валюта енгізудің қажеті жоқ”» -  Бізге ортақ валюта енгізудің қажеті жоқ. Әсіресе, бүгінгідей ресейлік валюта құлдырап жатқанда пайдасы емес, зияны көп.

«Қытайдың жаңа банкі Американы алаңдатады» - Қытайдың «Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкін» (AIIB) құру туралы шешімі Вашингтонды алаңдатып отыр. Енді Ресей де осы ұйымға бірігуге әзір екенін мәлімдеді.

AZATTYQ. ORG       «Қазақстан және Ресей зиялылары биліктің сөзін айтты» - Астанада Қазақстан-Ресей интеллигенциясы форумы ашылып, оны болашақта тұрақты өткізу жоспарланды. Жиынға қатысушылар мәдени жетістіктермен алмасып, «бірыңғай ақпараттық орта» құруға шақырды.

«"Жеңілмейтін" Ислам Каримовтың қайта сайлауы» - Өзбекстан президенті сайлауында алдын-ала нәтиже бойынша Ислам Каримовтың жеңіске жеткені хабарланды. Халықаралық бақылаушылар сайлауды сын астына алды.

«Биліктен қуылғандардың ұлдары» - Халықаралық құқық қорғау ұйымы Ұлыбритания үкіметін Қырғызстан экс-президентінің баласы Максим Бакиев Лондонның шетінен мемлекет ақшасына жекежай сатып алған деген күдікті тексеруге шақырады. Биліктен қуылған тағы бір президент – Украинаның бұрынғы басшысы Виктор Януковичтің баласы Байкал көлінде қаза тапты.

«”Екпе дертінің” емін сайлауға дейін табуды сұрайды» - Жаңаөзендік ата-аналар екпеден соң оңалмаған балаларын шетелге қаратуға биліктен жәрдем талап етті. Жергілікті басшылар балалар денсаулығына алаңдайтын ештеме жоқ дейді.

ABAI.KZ.   «Қаппаровтың Бейжіңдегі соңғы сағаты» -  «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы АҚ Басқарма басшысы Нұрлан Қаппаровтың кенеттен келген қазасының жай-жапсары туралы өз дереккөздеріне сілтеме жасап zakon.kz сайты  жазды.

«Әміржан Қосанов. “Валюталық одақ туралы ой”» - ...Сонымен, көптен күтулі суыт хабар жетті. Астанаға келген Путин Еуразиялық одақ аумағында ортақ (бірыңғай) валюта одағын құру қажеттігі туралы ашық айтты. Қадап айтты. Жанында отырып, не «иә» деп бас шұлғымаған, не «жоқ» деп сол бастарын шайқамаған қос әріптесінің қабағына да қарамай, Айды аспанға бір-ақ шығарды.

ZHASALASH.KZ     «Ортақ ақша оңдырмайды. Ол Тәуелсiздiгiмiзден айырып тынады» - Ашығын айтсақ, Ресей басшысы Путиннiң ортақ валюта енгiзу туралы ұсынысы – оның “одақтастарына” жасаған опасыздығы iспеттес.

31 наурыз 2015, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.