AZATTYQ. ORG «Назарбаевқа қарсы екі кандидат шығарудың сыры» - Кейбір сарапшылар Ақорда алдағы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа ыңғайлы етіп бәсекелес «тағайындағанын» айтады. Енді біреулер бұндай жағдай өздігінен қалыптасты деп санады.
ABAI.KZ. «Еуропа ашаршылық ақиқатын енді біліп жатыр» - Сталин кезеңіндегі ашаршылық бір жарым миллион қазақтың өмірін жалмады. 1930 және 1933 жылдары Қазақстан халқының төрттен бірі көз жұмды. Бұл туралы Die Welt неміс басылымында жуырда жарық көрген мақалада жазылады.
TURKYSTAN.KZ «Қалталылардың шетелде жасырған ақшасы қашан қайтып оралады?» - Мүлікті жария ету науқаны қазақстандық бай-бағландардың шет елдегі капиталдарын елге әкелуіне түрткі бола ала ма?
«Балабақшалар салуға 15 млрд, мектептерді жөндеуге 61,9 млрд теңге бөлiнді» - ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде БАҚ өкілдерімен бас қосқан ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Есенғазы Иманғалиев Елiмiзде балабақшалар салуға Ұлттық қордан 15 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгендігін жеткізді.
AIKYN.KZ «Қауіп қай жақтан?!» - Таяу Шығысты қанға бөктірген «Ислам мемлекеті» (ИМ) ұйымы Орта Азияға да ауыз сала бастауы мүмкін. Кейбір халықаралық басылымдар осы топтың қара туы ауған жерінде желбірей бастады деп жазады. Бұл жөнінде БҰҰ өкілдері де хабарлауда.
ULT.KZ «Каримовта проблема жоқ. Нұрағаңда ше?» - Осы аптаның соңына қарай құдайы көршіміз өзбек елінде кезекті президенттік сайлау өтпек. Сайлау қорытындысында кімнің ел президенті болып сайланатыны әлбетте, оларда да алдын-ала белгілі болып отыр – тұп-тура біздегі сияқты.
SHYN.KZ «Айтшы, Айгүл Соловьева, жылауық депутат кімге керек?» - «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деп қазақ бекер айтпаса керек. Сөз-оқ біреуді жаралап немесе дөп тиіп, мерт қылып жіберуі кәдік. Сөз сүйектен өтетіні тағы бар. Бабалардан жеткен осындай даналық тағылымдар бүгінгі ел алдында жүрген дөкейлердің санасына қай күні жетер екен, ә?!
NAMYS.KZ «Ресейдiң ақпараттық экспансиясына шырмалған бiрден-бiр ел Қазақстан» - Қазақстанға Ресей Федерациясының 5248 газет-журналы тарайды екен.
BUSINESSNEWS.KZ «Әлиәкпар Мәтішев: Қазақстандық сауда желілері ресейлік тауарлардың бағаларын арзандатуы тиіс» - Қазақстандық сауда желілері ресейлік рубль бағамының арзандауына барабар етіп ресейлік тауарлардың бағаларын арзандатуы керек пе, елдегі эпидемиологиялық ахуал қандай, неге Батыс Қазақстандағы Березевка аулының тұрғындарын Ақмола облысындағы Калачи аулының тұрғындары сияқты көшірмейді? Осы және басқа да сауалдарға ҚР ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиәкпар Мәтішев жауап берді.
TENGRINEWS.KZ. «Долларға деген сұраныс құлдырап барады» - Әлемдік нарықта долларға деген сұраныс құлдырап барады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне PROFIT Group компаниясының сараптама департаментінің басшысы Глеб Задоя хабарлады.