AZATTYQ. ORG «Ислам Каримовтың билікте қалыптасуы» - Орталық Азиядағы саяси басшылар арасында ең құдіреттісі, анығында, ең қатыгезі Ислам Каримов шығар. 31 миллион адамды уысында тырп еткізбей ұстап отырған ол наурыздың 29-ында кезекті мерзімге тағы сайланбақшы.
«Қырғызстан ИМ тобына тыйым салды» - Қырғызстан «Ислам мемлекеті» тобын террорлық және экстремистік ұйымдар қатарына қосты. Ал қырғыз саясаткері Нұрлан Мотуев ИМ тобын қолдап мәлімдеме жасаған. Сарапшылар діни радикализмнің таралуына алаңдайды.
«Гүлнара Каримованың "ашкөздігі" әшкереленді» - Өзбекстан президентінің қызы Гүлнара Каримованың елдегі халықаралық ұялы байланыс компанияларын «сауын сиырға» айналдырып, бір миллиард доллар алғаны хабарланды.
«Қол жинауда билікке жақындар алға шықты» - Қазақстанда президенттікке кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Үш үміткер тіркелуге қажетті қолды бірнеше күнде асыра жинап, кандидат атанып үлгерсе, кейбірі қысқа мерзімде 90 мыңнан аса қол жинау мүмкін еместігін айтады.
«АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясы» - АҚШ мемлекеттік департаменті Орталық Азиядағы экономикалық және саяси жағдайды ескере отырып, аймаққа қатысты стратегиясын қайта жасады. Онда демократия және адам құқықтары мәселелеріне көбірек орын берілуі мүмкін.
ABAI.KZ. «Путиннің ойы ортақ валюта ғана ма?» - Еуразиялық экономикалық одақ елдері Мемлекет басшыларының Астанадағы ақылдасуынан кейін қоғамда қызу талқыға түсетін тақырыптың да тиегі ағытылып сала берді. Осыған дейін әрәгідікте айтылып жүрген ортақ ақша айналымына қатысты сыбыс шындыққа айналатын түрі бар...
«Үкіметке ұлттық идеология керек емес пе?» - Бірден ашып айтайын, құрметті оқырман, кезектен тыс президенттік сайлау науқаны енді-енді қарқын ала бастаған шақта мен «бас десе, құлақ» деген әңгіме айтпақ емеспін, әйтсе де соған жақындау екен-ау десеңіз...
SERKE.ORG. «Қосанов саясаткер ретінде банкрот болды» - Қазір өзін-өзі «тәуелсіз саясаткер» атап жүрген Әміржан Қосанов Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан қуылғанда (ЖСДП) «Беттер.кз» сайты оны «саяси бомж» деп атап, оған «сырты мұнтаздай, сөзінің тігісі жатық, самайына ақ түскен, бүгінде ұсына қоятын жаңа дүниесі жоқ, бірақ өзі туралы қалыптасқан қоғамдық пікірді қалпында ұстау үшін тарихи үдерістердің тікелей қатысушыларының дастарқанынан қалған ақпараттық «қалдық асты» мүжумен айналысуға ғана қабілетті қайраткер» деп баға берген болатын.
JASQAZAQ.KZ. «Ашық күнде адасу» - Сайдың тасындай іріктелген, «тепсе темір үзетін» жас жігіттер. 2012 жылы 4 ақпанда Оралда Ернұр Ахатовтың 22 адамнан тұратын тобы қолға түсті. Олар Батыс Қазақстан облыстық әкімшілік ғимаратында, ішкі істер департаментінде, прокуратурада жарылыс жасауды жоспарлаған.
«Жеңгейлер жер сатады» - Алматыда жер телімін сататын делдалдардың көбі – әйелдер. Жалған құжат жасап, алаяқтық жасап жүргендер де – сол нәзік жандылар.
ULT.KZ «Ұлт үстіне шығатындай ол не қылған ортақ валюта?» - Өткен аптада Ресей Президенті Путин ортақ валюта туралы әңгіменің шетін тағы шығарды. Бір емес, екі рет.
SKIFNEWS.KZ «Путин келді дегенше...» - 20 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясының Президенттері: Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко, Владимир Путин үшжақты кездесу өткізді.