Атырау, 28 қараша 08:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Кешіккен үйлер

1 805 просмотра

Құлсары қаласында 60 пәтерлік үш қабатты бес үй кесте бойынша былтыр қарашаның соңында тапсырылуы тиіс болатын, алайда, құрылыс материалдарының уақытында жеткізілмеуі себепті жаңа нысандарды тапсыру мерзімі осы жылдың шілдесіне дейін ұзартылды.    

Жаңа үйлердің құрылысы қаланың ортасында орналасқан Әбдірахманов көшесіндегі сүрілген үйлердің орнында салынып жатыр. 64 пәтердің тұрғындары уақытша жергілікті әкімдіктің қаржысы есебінен жалдамалы пәтерлерге көшірілген еді.

Жаңа үйлердің құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен жалпы құны2 млрд 707 млн теңге бөлінген болатын. Құрылыс мердігерлері - ақтаулық «Аксунстройинпекс» ЖШС,  алматылық «АрманАБК», астаналық «Разастрой» ЖШС, «ХазарТрейд» ЖШС.

Бір мердігер - «АтырауВитаСервис» ЖШС осыдан екі ай бұрын жұмысын тоқтатып, құрылысты «ХазарТрейд» ЖШС жалғастырды.

- Мердігердің ауысуы, жұмыс қолының жетіспеуі, материалдардың уақытында келмеуі және техниканың болмауы құрылыс қарқынының төмендеуіне әкеліп соқтырды, - дейді жергілікті әкімдіктің мамандары.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.