AZATTYQ. ORG «Қырым татарларының үрей астындағы өмірі» - Қара теңіздегі түбектің байырғы тұрғындары – Қырым татарларының түгелге жуығы 2014 жылғы аннексияға қарсы болды. Арада жыл өткенде олар салт-дәстүрі, құқығы мен қауіпсіздігі аяқасты болғанын айтады.
«Түрмелерде тұрақты діни уағыз жүргізілмек» - ҚАЖК өкілдері «Қазақстан түрмелерінде терроризм, экстремизм айыбымен сотталғандар ықпалы күшейіп бара жатқанын» айтады. Алайда жазасын өтеп шыққандар «түрмеде діни ахуал қалыпты» дейді.
«26 бала Бразилияға футбол оқуына барады» - Қазақстандық 14-15 жастағы 26 жасөспірім Бразилиядағы «Крузейро» футбол академиясына білім алуға бара жатыр. Іріктеу қалай өтті? Әр балаға қанша қаржы жұмсалады? Бұған дейін ол жақта 50 бала оқып келген.
«Жеңіс күні Ресейде Сталин музейі ашылмақ» - Ресейде Сталин атын өшіргісі келмейтіндер бар. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ресей мәдениет министрі басатаған топ «Совет Одағының ұлы жеңістерінің символы» – Сталиннің музейін ашпақ.
ABAI.KZ. «”Жеті” сөзінің этно-мәдени және танымдық сипаты» - Жеті саны – бүкіл әлем халықтарында символдық, сакральдік мәнге ие сан болып табылады. Кез келген мифтің, ертегінің сюжеттерінде жеті сөзі үнемі белгілі бір циклдік, инициациялық ұғымды білдіреді.
ULT.KZ «Д.Исабеков: Біздің бар кінәміз — ұлттық намыспен ауырмайтындығымызда» - Бала кезден шығармашылығына ғашық болған, кейіпкерлері өзіме тым жақын Дулат Исабековпен кездесерде кәдімгідей толқығаным рас.
NAMYS.KZ «Қыздың ары– жігіттің намысы» - Намысшыл жiгiт өлiмнен қорықпайды, өлiмнен қорықпаған адам жеңiлмейдi. Өлермендiктiң ар жағында намысшылдық жатыр. Намысшылдықтың ар жағында арлылық жатыр. Ал, ендi осыншама ен байлықтың үстiнде отырған қазақты құртудың ең төте жолы – арын алу. Ол үшін қызын бұзбақ керек.
BUSINESSNEWS.KZ «Қазақстанды девальвация елесі кезіп жүр» - Мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімнің қабылдануы ел экономикасындағы дағдарыс жағдайының ұлғайып бара жатуына байланысты екені ешқандай күмән келтірмейді.
AIKYN.KZ «”Қара тізімдегілер” тендерге қатыса алмайды» - Жыл басынан бері ғана 170-тен астам кәсіпкерлік субъектісі Қордың «Жауапсыз жеткізушілер реестрінен» орын алыпты.
«Туберкулез және балалар» - Туберкулез ауа тамшылары арқылы, алиментарлы жолмен, қарым-қатынас арқылы, трансплацентарлық жолмен жұғады. Ол тыныс алу кезінде, ет-сүт өнімдері арқылы, аурудың жеке заттарын тұтыну арқылы таралады.