AZATTYQ. ORG «ИМ Әмударияға таяды ма?» - «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының қара туы Орталық Азия шекарасына таяу маңға, Ауғанстанның солтүстік аудандарына тігілді деген дерек бар. Ашхабад, Ташкент пен Душанбенің көңілі күпті.
«Ресейдің Қырымды “алғанына” бір жыл толды» - Ресей Қырымды күшпен аннексиялағанына бір жыл толып, Ресейде мұны атап өтіп жатыр. Ал түбек тұрғындары арасында Кремльдің әлімжеттігіне наразылар көп.
«Бай тұқымынан шыққан балуан» - 1980 жылдары еркін күрестен Қытайдың бірнеше мәрте чемпионы атанып, аты аңызға айналған алтайлық қазақ балуан Солтікен Көкішұлы зейнет жасына таяй бере поэзияға ден қойған.
«Сепаратистер жағында соғысқан қырғызстандық» - Манас - 1990 жылдары СССР-де әскери-саяси училищені бітірген әскери офицер. Ол Украинаның шығысындағы соғысқа үгіт-насихатқа сеніп барып, жарты жылдан соң елге қайтуды жөн көрген.
ABAI.KZ. «ИШИМ: бетперденің арғы жағындағы кім?» - Ия, бүгінде өзін ИШИМ (Ирак және Шам ислам мемлекеті) етіп жариялаған ұйымды естімеген адам жоқ шығар. Әдетте, Ислам деген уақытта адамның ақылына мейірім, қайырымдылық, ізгілік пен достық сияқты т.б. көптеген адамгершілік ұғымдар келеді.
SERKE.ORG. «Мақтангершілік машақаты» - Дүкенге бас сұқсақ, сатушы Күләндә жеңгемізге тауарын қарызға бергісі келмей қиналып, кежегесі кейін тартып тұр екен.
QAZAQUNI.KZ «Қойшы көп болса, қой арам өледі» - Бізде не көп, заң көп. Оны дайындайтын толып жатқан салалық министрліктер мен заң институттары да жетерлік. Оған ережелерді ұсынатын Үкіметіміз бен қағидаларды қабылдайтын пәрменді Парламентіміздің қос палатасын да қосып қойыңыз.
«Ұлы даланың “улы алаңға” айналуына жол бермейміз!» - Атом электр станциясы (АЭС) құрылысы мен Семей ядролық сынақ полигоны (СЯСП) аумағына ядролық қалдықтар сақтауға қатысты суық хабарға бейжай қарау мүмкін емес.
«Төрегелді Шарманов: Қашанда қазаққа пайдам тисін деп жүрген жанмын…» - Қоғамның дамуы үшін ұлт денсаулығы мықты болуға тиісті. Бұл қандай жүйеде болса да басты қағида, ең қажет талаптардың бірі.
NAMYS.KZ «Қазақ қызы “құрбандық” болмаса екен» - БҰҰ өкілі Илейн Конкиевич деген әйел біздің мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесіп, «қазақтар әлемдегі 146 мемлекеттің ішінен гендерлік саясатты іске асыру жөнінен алғашқылар қатарында, қазір 32-ші орынға шықты» деп мақтағанда, мен бейбақ қорыққаннан қол аяғым қалтырап кетті.
AIKYN.KZ «”Қара алтынның” қадірі қашты» - Соңғы бір айда 62 доллардың көлемінде тұрақталған мұнай бағасы қайтадан сырғып төмен түсті. Бүгінгі күні 52-53 $ көлемінде құбылып тұр. Тіпті одан да төмендеуі мүмкін. Оған себеп жоқ емес.