ALASHAINASY.KZ «Евроның құлдырауынан бізге қандай қауіп бар?» - Қазір әлемдік сарапшылардың басым бөлігі «2015 жылдың жазына қарай евро доллармен тепе-теңдікке жетуі әбден мүмкін» деген болжам жасап отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, тіпті биылғы жазда евро өзінің тарихында тұңғыш рет доллардан арзандап кетуі де ықтимал.
«Елімізде ипотекалық несиенің пайызы күн санап өсіп барады» - Елімізде шетел валюталарында сақталған депозиттердің пайызы төмендеп, керісінше ипотекалық кредиттердің үстемақысы қымбаттап барады.
«Көліктеріміздің бағасы қашан қолжетімді болады?» - Елімізде көлік құны арзандайды биыл. Мұның себебін Ресейдегі рубльдің девальвацияға ұшырауымен, соның салдарынан бұл елден Қазақстанға әкелінетін автокөліктер санының еселеп артқанымен түсіндіруге болады.
«Басшыға қарсы шығуға болмайды деген үрейден арылу қажет - кандидат Х.Қожа-Ахмет» - Президент сайлауына қатысуға өтініш берген тағы бір үміткер - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-публицист Хасен Қожа-Ахмет мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссиядан өтті.
AZATTYQ. ORG «Кремльдің “тролль шаруашылығы”» - Кремльдің саясатын қостап, Батысты, оппозицияны жамандап, түрлі сайттарға пікір жазумен айналысатын «тролльдар мекемесінің» бұрынғы қызметкерлері істеген «жұмыстарының» қыр-сырын баяндады.
«Прокурор көмекшісі, депутат пен полицейлер дауы» - Көлікті “мас күйінде жүргізді” деп айыпталған депутат істі болып, “жол ережесін бұзды” деп айыпталған прокурор көмекшісі жұмыстан шығарылса да, оларды ұстаған жаңаөзендік полицейлердің өздері “өкілетін асыра пайдалану” дауына қалып, қызметтен кетті.
«”Табылған” Путин өсек жайлы да айтты» - Жұртқа көрінбей кеткен Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербургте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Бұл кездесуде Путиннің денсаулығы да сөз болды.
«Қырғызстан кеденін Ресей компаниясы жабдықтайды» - Еуразия экономикалық одағына мүшелікке өту «жол картасы» аясында Қырғызстанның кеден бекеттеріне арналған құрал-жабдықтарды сатып алу және орнатумен Ресей компаниясы айналысады.
ABAI.KZ. «Қазақ төзімді, әйтсе де көнбіс емес…» - Әлемдік саясатта болып жатқан оқиғаларға зер салып қарасақ, түрлі соғыстар, жанжалдар, дағдарыстар, террорлық актілер, атыс-шабыстар толастамай тұрғаны анық байқалады.
SERKE.ORG. «Журналистің өлімі дауға ұласты» - Наурыздың 6-нан 7-не қараған түні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында копирайтер-журналист Сырым Мұратқалиев кісі қолынан өлді.