AZATTYQ. ORG «Еуро бағамының құлдырауы және Ресей рублі» - Еуропа Одағы еуро бағамының күрт құлдырауы Еуропа экономикасы үшін тиімді әрі тұтынушыларының жағдайын жеңілдетеді деп санайды. Ресей азаматтарына валюта бағамының құбылуына ауа-райы сияқты қарауға кеңес береді.
«Ресейде билік ауысуының үш нұсқасы» - Ресей президенті Владимир Путиннің назардан «жоғалып» кетуі жайлы алыпқашпа әңгіменің таралуы жеке адамға негізделген авторитарлық саяси жүйеде биліктің ауысуы – ең күрделі мәселе екенін тағы бір көрсетті.
«Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзге емес» - Сәуірдің 26-сы күні өтетін Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді тіркеу наурыздың 14-і күні аяқталды. ОСК жалпы саны 27 адамның үміткер ретінде ұсынылғанын хабарлады. Тізімде қазіргі президент, бірнеше жұмыссыз және бір зейнеткер бар.
«Орталық Азияда әйел теңдігіне жету қиын» - Нью-Йоркте Орталық Азия құқық қорғаушылары БҰҰ мінберінен гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін әйелдерді саясатқа белсенді араласуға шақырды.
«Тәжік жезөкшелері хиджаб кие бастады» - Тәжікстанда тәнін саудалауды кәсіп еткен әйелдер қорлау мен күш көрсетуден қорғану үшін денелерін тұтас жабатын киім киюге көшкен. Бұл өзгеріс жезөкшелермен жұмысты қиындатқанын полиция өкілі мойындайды.
ABAI.KZ. «Президент сайлауы: орыстың ойы» - Сәуірдің соңына таман болайын деп отырған еліміздегі кезектен тыс президент сайлауы басқасын былай қойғанда, алыс-жақын шет елдердегі саясаткерлер мен сенаторлар, саясат тақырыбына жазатын сарапшы-журналистер арасында да қызу пікірталас тудырып жатыр.
«Ринат Зайытов не деді?» - Жуырда от ауызды, орақ тілді айтыскер ақын Ринат Зайытов ҚазҰУ-дың студенттерімен кездесу өткізді. Әр заманда да ақынын әспеттеген елдің ақыннан күтері аз болмаса керек.
«Қазақтар өздері жеке қалса, бөлініп кетеді» - Абайламай істеген аусар әрекетің мүйізіңді емес, көзіңді шығаруы мүмкін. Мұндай тұста білектен гөрі, білікке көбірек күш түсіңкірейді. Ақылдың тайталасы бар-бар уақытта жеңіс іздей бермейді, көбіне-көп дұрыстықты іздейді.
SKIFNEWS.KZ «Қанат Тәсiбеков: Менi “Иван” деп мазақтайтын» - Орысша ойлайтын, орыстілді бауырларымыздың ой-пікірін біраздан бері газет бетінде жариялап келеміз.
«Ананың айналайыны жанға дәру немесе игі тілек тілеудің пайдасы» - Адам аузынан шыққан сөз тегін емес. Сөздің де киесі бар деген рас. Әр сөздің ерекше қалыбы бар. Сөзге иландырудың кешенді жүйенің негізгі бөлімі төрт тармақтан тұрады. Ол әр балаға пайдалы. Тіпті сап-сау, бақытты адам үшін де маңызды болуы мүмкін.
«Кепиет» - Үлкен қалада күпінің битіндей өріп жүрміз. Панасыз емеспіз. Пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Екіден-үштен. Әйелдерімізді қоссақ бес-алтаудан. Бала-шаға бар... қоралы жан елбесіп-селбесіп дегендей. Иә, бір қора жан. Бір қора қойдан артықшылығымыз – адам деген атымыз бар әйтеуір.
ULT.KZ «Көріпкел Қазақстанды әйел басқаратынын айтты» - Алдағы сайлауда қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа халықтың 99,3 % өздерінің дауыстарын береді дейді «Битва экстрасенсов» телешоуының ақтық сынына қатысқан оралдық көріпкел Бақыт Жұматова. Бұл туралы Regtv.kz порталына берген сұхбатында айтты.
JAQSY.KZ «Біз Сібір мен Жоңғариядан қалай айрылдық?» - Шах-Мұхамедтің діни реформалары қандай нәтиже берді? Ермак қалай өлді? "Алты алаш" ұғымы қай кезде пайда болды?
«Назарбаевтың беделі» - Тұрақты әскері, қару-жарақ соғатын ұстаханалары, мемлекеттік аппараты, заңдары жоқ Қазақ хандығы қалай аман қалып, осының бәрі болған және Қытайды үнемі жеңуіп отырған, тіпті орыс әскерін бір рет талқандаған Жоңғар мемлекеті неге құрып кетті? Ол кезде ешкім қызықпап еді, енді қараса қазақ даласы ең бай жер боп шықты. Шынымен де Құдайдың қарасқаны.