ALASHAINASY.KZ «Доллардың өсімінен келген шығын» - Доллардың құны көтерілген үстіне көтеріліп келеді. Алайда бұл жағдай АҚШ-тың ірі экспортшыларына кері әсер етуде. Coca-Cola, Procter & Gamble мен Google компаниялары табысының төмендегенін айтып отыр. Оған қоса АҚШ валютасының өсуі саяхатшыларды да қобалжыта бастаған.
«Брест қамалын қорғаған қазақтар» - 1941 жылдың 22-маусымында фашистік Германия сақадай сай әскерімен Кеңес өкіметінің жеріне басып кірді.
«Путин қайда, оның ислам дінін қабылдағаны рас па?» - РФ президенті Владимир Путинге қатысты ғаламторда анық-қанығы дүдамал екі мәлімет тарауда.
ABAI.KZ. «Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласында шыққан газеттер» - Қазан төңкерісіне дейін біздің еліміздің территориясында шығып тұрған газет-журналдардың саны 100-ге жуық екен.
SERKE.ORG. «Рахат Әлиев түрме тіршілігіне төзе алмады» - Француз түрмесінде жатқан Мұхтар Әбілязовтың жақтастары Рахат Әлиев өлімінің себептерін сан-саққа жүгіртіп жатыр.
«Қазақтар демократияға бет бұра бастады» - Әдетте мәселені жеребе анықтайтын. Бұл жолы бәрі демократиялық жолмен шешілді.
JASQAZAQ.KZ. «Икемсіз ипотека» - «Жас қазақ» газетінің арнайы сауалдарына Мәжіліс депутаты, Парламенттегі «Халықшыл коммунистер» фракциясының мүшесі Айқын Қоңыров жауап береді.
«Инвесторлар Иранға көз тігеді» - Иран Батыспен ортақ бір келісімге келген соң, санкциялардың біразынан арылатыны белгілі.
NAMYS.KZ «Өз ұлтын сыйламау сатқындықтың белгісі» - Ұлттар (өкілдері) бірлігі – ел тыныштығының сенімді кепілі.
«Қызыңның қадірі неге кетті, қазағым?» - Кімге кінә тағарсың, бірақ, дәл қазіргі уақытта қазақ қызының қадірі кетіп болды десем, көпшілік қарсы уәж айта қоймас.
AZATTYQ. ORG «Әлемдегі белсенді әйелдер Надя Савченкоға қолдау танытты» - БҰҰ-ның әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 59-сессиясына қатысып жатқан белсенді әйелдер түрмедегі Украина ұшқышы Надежда Савченконы қолдаған хаттар жолдады. Түрлі деңгейдегі ұйымдар Ресейді Савченконы босатуға шақырып жатыр.