Атырау, 26 желтоқсан 06:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«ЕАЭО: жоспардан тыс үштік кездесуінің өзектілігі неде?». «Қымбат мұнайдың келмеске кеткенін сезініп отырмыз ба?». «Путин “ортақ валюта” жайлы айтқан соң саммит шегерілді». «Сайлау алдындағы тіл сынағы тағы сыналды». «С.Бекжон: "Кәрімов Кремльдің адамы"».

2 444 просмотра

ALASHAINASY.KZ     «ЕАЭО: жоспардан тыс үштік кездесуінің өзектілігі неде?» - Астанада 13 наурызда болуы тиіс Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері президенттерінің кездесуі бірнеше күнге кейінге шегерілді.

«Қымбат мұнайдың келмеске кеткенін сезініп отырмыз ба?» - Кеше халықаралық Moody’s агенттігі әлемдік нарықтағы мұнай бағасына талдау жасап, болашақта мұнай бағасының аса қымбаттамайтынын алға тартты.

AZATTYQ. ORG     «Путин “ортақ валюта” жайлы айтқан соң саммит шегерілді» - Ресей президенті Владимир Путиннің еуразиялық ақша бірлігін құру мүмкіндігін қарастыру жайлы тапсырмасынан соң іле-шала ЕАЭО басшыларының Астанада өткізуді жоспарлаған үш жақты кездесуі кейінге қалдырылды.

«Түрмеде түсірілген ролик авторы қысымға ұшырағанын айтады» - Шығыс Қазақстан облысында түрмеде отырған Виталий Бутин тұтқындарға күш қолдану сәті түсірілген видеожазба авторы ретінде танылған. Түрме басшылығы оқиға кезінде заң бұзылмағанын айтады. Ал ролик авторы «қысымға ұшырадым» деп шағымданды.

«Сайлау алдындағы тіл сынағы тағы сыналды» - Президент сайлауына түсуге ынталы үміткерлердің көпшілігі өте алмайтын қазақ тілі сынағын жария түрде ұйымдастырылмайды деп сынаушылар оны «саяси құралға» теңейді. Тіл комиссиясы мұндай сынға жауап бермейді.

ULT.KZ  «Әлеуметтік желілер саяси тұрғыдан қауіпті бола бастады ма?» - Қазақ елі наурыз айының басында Біріккен ұлттар ұйымының құрылғанына 70 жыл толуымен қатар, Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болғанына 23 толғанын атап өткен болатын.

AIKYN.KZ   «Ортақ валюта ойға қалдырды» - Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта енгізу туралы бастаманың болашағы жоқ. Мұндай пікірді мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев білдірді.

«Тамұқ» - Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл. Иә, кезіндегі кеңес елі Ұлы отан соғысы деп атаған, ал жалпақ дүние Екінші дүниежүзілік соғыс (сол кезде жер шарында бар 73 мемлекеттің 62-сі қатысқан) деп ұққан қанды қасаптың аяқталғанына биыл 70 жылға аяқ басты.

«Пейіл неге бұзылды?» - Қазіргі қазақ – бұдан 20 жыл бұрынғы қазақ емес.

SKIFNEWS.KZ    «Сафар Бекжон: "Кәрімов Кремльдің адамы"» - Өзбекстанда оппозиция бар. Бірақ «бар дейтіндердің» бәрі қашқында, қуғында жүр. Шетелде тұрады. Ал елдегілер қазіргі Кәрімовтың жүйесіне іштей қарсы. 

«Еркін Рақышев, режиссер: “Қытайға неге рахмет айтпай жүрміз?”» - Ескі тулақ секілді бұрқылдатып шаңын қағып алып, мереке күндері ұялмастан фильмдерін көретін Еркін Рақышевтің жаңа картиналары соңғы уақытта жарыққа шықпай кетті.

QAMSHY.KZ    «Путин Ислам дінін қабылдады» - Жақында ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында РФ Президенті Владимер Путиннің Ислам дінін қадылдағаны туралы жаза бастаған еді.  Осыған қатысты РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мырза "Интерфакске" берген сұхбатында  "Lifenews" арнасының таратқан бұл ақпаратының шындыққа жанасатынын жеткізді.

«Қазақ ислам дінін қабылдағанымен, басы бүтін арабтанған жоқ» - Ұлт дегеніміз – басқаларға тәуелді болмаған және өзінің бірыңғай мүддесі бар халықтар жиынтығын айтады.

12 наурыз 2015, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS
Пропустить