ALASHAINASY.KZ «Теңгені девальвациялау тығырықтан шығаратын жол емес» - Қазір біздің қоғамда көрші Ресейдегі жағдайды бағдарлап және әлемдік нарықтағы мұнай бағасын шамалап осыған орай «жуырда теңге девальвациясы қайта қайталануы тиіс» деген пікірлер жиі айтылады.
«Құман Тастанбеков: Мен әлі шал емеспін…» - Құман Тастанбеков — ҚР халық әртісі. Құрманғазы атындағы консерваторияның актер бөлімін тамамдаған.
«АҚШ сарапшылары Ресейге санкцияны күшейтуге шақырады» - Борис Немцовқа жасалған қастандық пен Кремльдің бұл зұлымдыққа қатысты реакциясынан кейін америкалықтардың назары АҚШ-Ресей қарым-қатынасына тағы ауды.
«"Бесінші колонна" дегеніміз не?» - Санкцияларға жауап ретінде Қызыл Кремль Батыс елдерінде ресми Мәскеуді қолдайтын партиялар мен саяси тұлғалардың қарасын көбейте бастады.
AZATTYQ. ORG «Немцов өлімін солтүстіккавказдықтарға жаппақ па?» - Ресейлік оппозиционер Борис Немцовтың қазасына күдікті ретінде солтүстіккавказдық бес ер адам тұтқындалды. Кремль бұрын да ауыр қылмыстарға шешендер мен басқа да кавказдықтарды айыпты етіп шығарған еді.
«Назарбаев сайлауға түсуге бір ғана шартпен "келісті"» - "Нұр Отан" партиясы съезіне қатысушылар Нұрсұлтан Назарбаевты қайтадан президенттік сайлауға түсуге шақырды. Назарбаев оған бір ғана шартпен "келісетінін" білдірді.
«Қадыровтың виртуалды “атысы”» - Борис Немцов қазасына күдікті деген Заур Дадаевты "Ресейдің нағыз патриоты" деп атаған Рамзан Қадыров өзінің тирдағы "виртуалды адамдарды" атып жүрген видеосын жариялады.
ABAI.KZ. «Сериалға бөлінген қаржы “Мың баладан” үш есе аз» - Қазақ хандығының 550 жылдығына орай бірқатар жобалар қолға алынды. Соның бірі – Қазақ хандығы туралы 10 бөлімді сериал. Оның шет-жағасын өткенде айтып едік. Айтулы жоба жұмысына режиссер Рүстем Әбдіраш ағамыз кірісіп те кетті.
«Екі империя бас игізе алмаған ақын» - XX ғасырдың алғашқы жарымы қазақ халқы үшін қасіретті зобалаңға толы қанды ғасыр болғанын тарихшы ғалымдарымыз жеткізе жазып, бұлтартпас дәлелді дәйектеп келе жатқаны қуантады.
«Байкенов – қамауда. Шевцова-Валова ше?» - Астана қаласының тұрғыны Сәкен Байкенов «әлеуметтік желіде ұлттық алауыздықты насихаттайтын ақпарат таратты» деген себеппен екі айға қамауға алынды.
QAMSHY.KZ «Жоғалған Boeing MH370 Байқоңырдан табылды ма?» - Кеше ағылшын ғалымы Джефф Вайз осыдан 1 жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Майлайзиялық Boeing MH370 лайнеріне қатысты жаңа мәлімдеме жасады.
JAQSY.KZ «Қазақстанда Донбасс болмауы үшін не істеу керек?» - «Украинаның шығысындағы жағдай басымызға келіп жүрмей ме?» деп мазасыздануға негіз бар.