Атырау, 19 желтоқсан 16:53
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Өшпенділікті “тәрбиелеудің” бес жолы». «Полигон жері тұрғындар игілігіне қайтарылуы тиіс». «Мұхтар Құл-Мұхаммед неге кетті?». «Қарақалпақстан өзбектің өңешіне жұтылып барады». «Екпе жасатпаған ата-ананы жазаға тарту қажет пе?».

3 163 просмотра

AZATTYQ. ORG     «Өшпенділікті “тәрбиелеудің” бес жолы» - Мәскеуде қастандықтан қаза тапқан Борис Немцовтың жақтастары «Путин 15 жылда өшпенділік атты кірпіштен сарай соқты» дейді. Мұның кесірінен жұрттың дені зорлық-зомбылықты мақұлдайтын дәрежеге жетті. Азаттық тілшісі Путин мұны қалай жүзеге асырғанын талдайды.

«Полигон жері тұрғындар игілігіне қайтарылуы тиіс» - Ресейге әскери полигон ретінде жалға берілген жерді Қазақстанға қайтару мәселесімен шұғылданып жүрген парламент мүшесі Сәрсенбай Еңсегеновпен сұхбат.

«”Ұйқы дерті” шыққан ауыл тұрғыны Ресейге қашты» - Ақмола облысындағы Калачи ауылының бұрынғы тұрғыны Александр Павлюченконың Ресейде тұрып жатқанына бір жылға таяды. Ол «ұйқы дерті» меңдеген ауылдан бүкіл дүние-мүлкін тастап кетуге мәжбүр болғанын айтады.

ABAI.KZ.    «Қарақалпақстан өзбектің өңешіне жұтылып барады» - Жақында нағашы апамыз қайтыс болып, маған аяқ астынан Өзбекстанға, дәлірек айтқанда Қарақалпақстанның Қоңырат қаласына сапар шегуге тура келді.

QAZAQUNI.KZ   «Царнаев пен Қадырбаев кінәларын мойындады» - USA Today басылымының хабарлауынша, айыпталушы Джохар Царнаевтың адвокаты Джуди Кларк сот отырысы бастала салысымен Царнаевтың өз кінәсін толығымен мойындайтынын мәлімдеді, деді 24.kz.

ULT.KZ  «Мұхтар Құл-Мұхаммед неге кетті?» - Ақорданың баспасөз қызметі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ҚР Президенті кеңесшісінің қызметінен босатылғанын хабарлады. Дегенмен, оның қызметтен кетуінің себебі айтылмады, ресми түсініктеме берілген жоқ. Ақорда үнсіз қалғанмен, Мұхтар Абрарұлының қызметтен кету себебін халық өзінше болжап отыр.

QAMSHY.KZ    «Қазақстанда қарттардың құқығын қорғайтын заң жоқ» - Қарт адамдарды күту, оларға жақсы жағдай жасау дегенді ауызға алғанда біз «қолын жылы суға малып» үйде отырса болды ғой, одан артық не керек деп ойлаймыз.

NAMYS.KZ  «Сенаторлар! Алдымен екпені өздерің алыңдар да, зардабын көріңдер!» - Соңғы уақытта республика бойынша екпенің себебінен естен танып, аяқ-қолы жасамай қалып жатқан балалардың саны артып жатқанын ешкімнен жасыра алмайсың. Кеше ғана әлгі қызылшаға қарсы екпе алған қостанайлық 18 жасар қыз бала жансақтау бөліміне келіп түсті. Бұл сонда тәжірибе әлі тоқтаған жоқ деген сөз.

JAQSY.KZ  «Борис НЕМЦОВ» - Қазіргі жастардың «Немцов деген кім? Оның өлгені неге сонша шу боп жатыр?» деп таңданары түсінікті. Кейінгі 10-15 жылда Борис Немцовтың Ресей саясатында рөлі азайды, маргинал Ресей оппозициясындағы елеусіз есімдердің біріне айналды.

«Екпе жасатпаған ата-ананы жазаға тарту қажет пе?» - Өз балаларына екпе жасатудан бас тартқан ата-аналарды жазалау керек. Бұл депутат Жабал Ерғалиевтің ұсынысы.

6 наурыз 2015, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.