Атырау, 19 желтоқсан 17:12
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Борис Немцовтың өлімі кімдерге тиімді?». «Украинағы бір күндік соғыстың шығыны қанша?». «Немцовты өлтіргендер жазаланбайды». «Қазақстан байларының дәулеті арта түсті». «Ж.Тұяқбай: “Мұндай сайлауға қатысудың мәні бар ма?”».

2 300 просмотра

SKIFNEWS.KZ     «Борис Немцовтың өлімі кімдерге тиімді?» - Ресейде нақты Путинге қарсы болған, өздерінің беделін пайдаланып, артынан халықты ерте алатын үш саясаткер болды, олар – Борис Немцов, Алексей Навальный, Михаил Ходорковский. 

«Украинағы бір күндік соғыстың шығыны қанша?» - Біздің әлеміміз толқыса, төглейін деп тұрған сусынға толы кесе тәріздес. Дүрлігіп тұрған әлемімізді  үлкен өзгерістер күтіп тұр.

«Шынымызды айту мінімізді айтудан басталса керек» -  «Соңғы кездері менің ақын болғым келіп жүр. Әсіресе, өлең деп айтуға тұрмайтын, қарапайым ұйқастан да жұрдай туындылар қазақ поэзиясындағы «шедевр» ретінде мақталып және сондай «біртума» шығармалар бәйгеден озып келгенде, қараптан-қарап шабытым оянып кетеді.

«Қытайдың империя болуына не кедергі?» - Кезінде Канаданың экс-премьер-ми­нистрі Ж.Кретьен: «Канада – АҚШ-тың көр­шісі. Алпауыт елдердің дамуы көрші елге дем бергенмен, оның екінші қыры тағы бар.

AZATTYQ. ORG     «Немцовты өлтіргендер жазаланбайды» - Борис Немцовтың қазасына қатысты істі Ресей құқық қорғау мекемелерінің ең жоғары лауазымды тұлғалары жеке бақылауына алып, тергеу жүргізіп жатыр. Ал қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ресейлік маман Андрей Солдатов «өлтіргендер ешқашан жазаға тартылмайды» дейді.

«Қырғыз барлауы: Ел оңтүстігіне ИМ содырлары кіре бастады» - «Ислам мемлекеті» ұйымы тәрізді радикал топтар Қырғызстанның оңтүстігі мен Өзбекстанның Әндіжан облысына кіре бастаған. Мұны Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті растап отыр.

«Қазақстан байларының дәулеті арта түсті» - Forbes журналы жариялаған әлемнің ең бай адамдарының тізіміндегі қазақстандық миллионерлердің барлығы рейтингте жоғары жылжыған.

«”Экстремист” ретінде сотталғандар жасарып бара ма?» - Қазақстанда діни экстремизммен күрес шаралары күшейген сайын сотталушылардың қатарында жасөспірімдердің пайда бола бастағаны байқалады. Азаттық осы құбылысты зерттеп жүрген маманмен сұхбаттасты.

ABAI.KZ.    «Ж.Тұяқбай: “Мұндай сайлауға қатысудың мәні бар ма?”» - Елдегі демократиялық оппозиция алаңында жүрген бірлі-жарым саяси күштер сайлауға қатысты кесімді шешімдерін жариялай қойған жоқ.

SHYN.KZ    «Қожа Ахмет Яссауи қырғыз ба?» - Қырғыздың Кимсанбай Абдыразакұлы есімді тарихшысы Қожа Ахмет Яссауи қазақ емес, ол қырғыз деп айды аспанға бір-ақ шығарыпты.

3 наурыз 2015, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.