Өткен аптада Атырауға ҚР Жоғары Соты төрағасы Қайрат МӘМИ келіп, Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты (әрі қарай – МАЭС) судьяларын қатты сынға алды. Төраға оларды бұрмалаушылықпен және жұмыс жасауға құлықсыздықпен айыптады. Міне, 7 жылдан бері барлық сот инстанцияларында «Каспиан Салфа Компани» ЖШС-тің (әрі қарай - КСК) жарғылық капиталындағы 30%-дық үлесі мен оған тиесілі дивидендтерге заңды құқығын тану үшін дауласып жүрген қазақстандық кәсіпорын өкілі ретінде оның сөзінің жаны бар екенін мойындауға мәжбүрмін.
ТИНГС пен КСК арасындағы сот дауының жай-жапсары туралы («ҚР заңдарын орындамау үшін алыстан күйе жағу ма?», «Ұтылғандарын мойындамай отыр» мақалаларын қараңыз), сол сияқты, менің пікірімше, халықтың назарын аударуға ғана емес, сотқа қысым көрсетуді мақсат еткен КСК өкілі Тоғжан ҚИЗАТОВАНЫҢ жалған атпен жариялаған көптеген мақалалары, наразылық білдіру үшін жалғыз пикет жасауы туралы да біз баспасөз берінде жазған едік. Бұларға қарамастан, 2014 жылғы 22 желтоқсанда көптеген соттық дау-дамайдан, ҚР Жоғары Сотының атыраулық соттардың бұрынғы шешімдерін бұзуы және кері қараулардан кейін облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасы жарияланған уақыттан бастап заңдық күшіне енген ТИНГС-тің пайдасына шешілген қаулы шығарды. Атап айтсақ, жалғыз қатысушы КСК-ның Kroon Shippping Holland B.V. компаниясының 100%-дық үлесін сату туралы шешімі бұзылды, Nitron Chemiсal Corporation және Kroon Shippping Holland B.V. компаниялары арасында жасалған КСК-ның 100 пайыздық үлесін сатып алу-сату шартының заңдық күші жоқ деп танылды, Жылыой аудандық Әділет басқармасының КСК-ның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды мемлекеттік кері тіркеу туралы заңсыз тіркелген бұйрығының күші жойылды.
Заңды күшіне енген шешім негізінде біз КСК-дағы 30%-дық үлестік меншігіне ТИНГС-тің құқығы танылған сәттен бастап, 13.08.2008 күнінен 31.12.2013-ке дейінгі кезеңдегі оған заң жүзінде тиесілі дивидендтерді өндіру туралы талап арыз бердік. Біздің өтінішімізбен жасалған мемлекеттік сараптамаға сәйкес, кәсіпорынымызға тиесілі дивидендтер 30%-дық үлеске шаққанда миллиард теңгеден аса соманы құрады! Сотта қаралғаны үшін ТИНГС осы сомадан төлеген мемлекеттік алым мөлшері 32 млн. теңге болды.
Бір қарағанда, әділетік орнаған сияқты. Сонымен қатар, МАЭС КСК-ның қызметіне қатысты бухгалтерлік және басқа да құжаттарын ТИНГС-ке мәжбүрлеп ұсыну туралы заңды күшіне енген сот актісін шығарды.
Алайда, КСК әлі күнге дейін сот шешімін орындаудан бас тартып жүр. Ал МАЭС судьясы Сағат ХАСАН еш негізсіз және ойдан шығарылған себептермен ТИНГС-ке тиесілі дивидендтерді төлеу туралы талаптарымыздан бас тартты.
Осыған байланысты біз қоғамға және ҚР Жоғары Соты төрағасы Қайрат МӘМИДІҢ атына МАЭС судьяларының принципсізшілідігі мен тиянақсыздығы туралы жария түрде мәлімдеуге мәжбүр болып отырмыз. Неліктен ТИНГС-тің КСК-дегі үлесіне меншіктік құқығын кезекті рет растаған судья ХАСАН заңды дивидендтерімізді мәжбүрлеп өндіріп беруден неге бас тартады? Ол бұл шешімдерін Қизатова ханымның қысымымен қабылдап отыр ма? Өйткені ол КСК ұтылған әр соттан кейін Жоғары сотқа шағым мен жемқорлық туралы арыз жазып отырады. Осыған байланысты, экономикалық соттың судьясы заңды шешім қабылдауға қорқады.
Оның сот қызметкерлеріне тигізер әсері шынымен де зор сияқты. Мұны Атырау облыстық сотының жаңа төрағасы оны 25 және 26 ақпанда екі рет қабылдағанынан байқауға болады. Ал ресми қабылдау күні 24 ақпан, сейсенбіге белгіленген еді.
ТИНГС пен КСК арасындағы сот дауы басталғанына 7 жыл болды, бірнеше Атырау облыстық сотының төрағасы ауысты. Ел президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ судьялардың 6 съезінде ҚР сот ісін жүргізу негізсіз созылады және нысаншылдыққа бой алдырған деп бекер айтпаған екен. Осы жолы судьялар мінез көрсетіп, бұл істің ақырғы нүктесін қояды деп үміттенеміз.
Сапарбек ОТАРОВ
«Тенгизинтерннефтестрой» ЖШС өкілі
(Жарнама құқығымен)