Атырау, 21 қыркүйек 07:26
Таңертең бұлыңғыр болады+16, күндіз +15
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 387.34  € 428.44  P 6.04

Ұлттық банк кімге көмектеседі?

2 наурыз 2015 15:36

ҚР Ұлттық банкі 2004-2009 жылдары берілген ипотекалық несиелерге қызмет көрсету шарттарын жеңілдетуге 130 млрд теңге жолдамақ.

«БАС КЕҢСЕНІҢ НҰСҚАУЫН КҮТЕМІЗ»

Бөлінген қаржылар проблемалы қарыз алушылардың қарыздарын есептен шығаруды білдіретінін басқарушы бірден ескертті. Олар ипотекалық несиелерге қызмет көрсету шарттарын жеңілдетуге бағытталмақ.

Әзірге толық бағдарлама жоқ, оны арнайы құрылған комиссия әзірлемек. Бұл комиссияның құрамына банктердің, әкімдіктердің, басқарушы партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Сондықтан екінші деңгейлі банктердің жергілікті филиалдары әзірге егжей-тегжейді білмейді. АТФ Атырау филиалының бөлшек бизнес жөніндегі директордың орынбасары Мұрат ОҢБЕРГЕН былай дейді:

Бас кеңседен әзірге бізге ешқандай нұсқау түскен жоқ. Ұлттық банктің мәлімдемесінен не істеу керектігі, әңгіме қандай қарыз алушылар туралы болып отырғаны әзірге түсініксіз. Мемлекет ақша бөлгісі келеді, бірақ банктер кейін оларды қайтаруға тиіс. Қайтару механизмі қалай болатыны да әзірге түсініксіз. Дәлірек айтқанда, әңгіме несие портфелін сауықтыру туралы болуы керек. Бәлкім, валюталық несиелерді теңге несиесіне ауыстыру туралы болуы мүмкін. Қалай болғанда да, мұның бәрі бас банктер деңгейінде шешілмек.

Ал Ұлттық банктің Атырау филиалындағылар бізге несиелерін жаба алмай, «өтеу мерзімдері өтіп кеткен» қарыз алушылар туралы ғана әңгіме болып отырғанын хабарлады. Алайда, менің пікірімше, 2004-2009 жылғы кезеңдегі ипотекалық валюталық қарыздардың барлығын теңгелік қарызға ауыстырып, олардың пайыздық мөлшерлемелерін төмендеткен әділ болар еді. Өйткені олардың барлығы екі девальвациядан (2009 жыл мен 2014 жылдың «қара» ақпаны) едәуір зардап шеккен болатын.

 

АЛТЫ ЖЫЛ БОСҚА КЕТТІ

Көрнекілік түрінде сіздерге 2008 жылы алынған банк қарызын өтеу кестесінің бірін ұсынайын. Ипотекалық несие сомасы - $19 968,79, сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 13,5%, ай сайынғы төлем - $272,53. Өтеу әдісі – аннуитетті. Өтеу мерзімі – 2021 жылға дейін. 2008 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта ай сайынғы өтеу сомасының қалай өзгергенін және оның қарыз сомасына әсері қандай екенін есептеп көрейік.

2008 жылы Ұлттық банк бойынша 1 доллардың орташа сараланған айырбастау бағамы 120,3 теңгеге тең болды. Тиісінше, ай сайынғы төлем 32 785 теңгені құрады. 2008 жылғы наурыз аяғындағы берешек қалдығы - $19 920.91 немесе 2 396 485 теңге.

2009 жылы девальвация нәтижесінде доллар едәуір қымбаттап кетті - 1 доллардың орташа сараланған айырбастау бағамы 147,51 теңгені құрады. Нәтижесінде 2009 жылы ай сайынғы төлем 40 200 теңгеге дейін (32 785 теңгенің орнына) көбейді. Одан кейінгі төрт жылда ай сайынғы өтеу сомасы 40 000 теңге (бір мың теңгеге азды-көпті) деңгейінде қалды. 2014 жылы американдық валюта бағамы қайтадан шарықтап кетті. 1 доллар 179,19теңгеге дейін көтерілді.Осылайша, ай сайынғы төлем енді 48 834теңгені(40 000теңгенің орнына)құрады.2015 жылдың қаңтарында орташа сараланған бағам 1 доллар үшін 183,70теңгені құрады.Тиісінше, жаңа жылдың алғашқы айы үшін төлем 50 063 теңге болды.

Нәтижесінде 2008 жылдың наурызынан бастап 2015 жылдың қаңтары аралығында ай сайынғы төлем 17 278 теңгеге көбейді. Ал берешек қалдығы 2015 жылдың қаңтары аяғында 13 459.56 доллар немесе 2 472 418 теңгені (2008 жылғы наурыздың аяғында қарыз сомасы 2 396 485 теңге) құрады. Яғни, 2008 жылдан бері қарыз алушының қарызы (теңгемен есептегенде) азаймаған, тіпті көбейіп кеткен.

 

БОРЫШКЕРЛЕРГЕ ҮМІТ БАР

Енді несие бойынша мөлшерлеме туралы айтайық, ҚР Ұлттық банк Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы Айнагүл АКУЛОВАНЫҢ мәліметтері бойынша, 2015 жылдың қаңтарында ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі 14,4% (заңды тұлғаларға) және 19,6% (жеке тұлғаларға); шетелдік валютада: 9% (заңды тұлғаларға), 9,6% (жеке тұлғаларға). 2008 жылдың қаңтарында ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі 15,9% (заңды тұлғаларға) және 18,8% (жеке тұлғаларға); шетелдік валютада: 15,4% (заңды тұлғаларға), 16,1% (жеке тұлғаларға).

Өкінішке орай, Ұлттық банктің жергілікті филиалындағылар проблемалы қарыз алушылардың саны туралы статистикадан бейхабар екен.

Ұлттық банк Атырау филиалының қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау бөліміндегілер (сол жерге кеңес алуға және құқықтық көмек алуға жүгінуге болады – С.Т.) бізге оларға жыл сайын шағымдармен қанша қарыз алушылардың жүгінетіндігі туралы ғана мәліметтерді ұсынды (басым көпшілігі қарыздарын қайта қаржыландыруды өтінеді): 2014 жылы жеке тұлғалардан 65 өтініш (2013 жылы – 8 өтініш) және заңды тұлғалардан 12 өтініш (2013 жылы – 2) түскен.

2015 жылдың қаңтарында Атырау облысындағы екінші деңгейлі банктердің филиалдарында 13,5 млрд теңге (2014 жылдың қаңтарына қарағанда 26,4%-ға аз) несие берілген. Олардың ішінде 4,5 млрд теңге сомада ипотекалық несиелер беріліпті (2014 жылдың қаңтарында 2,4 есеге көбейген). Несиелер бойынша 2015 жылдың 1 ақпанында несиелер бойынша бережақ 308,7 млрд теңгені құрады (2014 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда 21,8%-ға көбейген). Ипотекалық қарыздар бойынша бережақ 111,3 млрд теңгені құрайды (2014 жылдың 1 ақпанымен салыстырғанда 56,4%-ға көбейген).

2008 жылдың қаңтарында облыстағы екінші деңгейлі банктердің филиалдары 8,6 млрд теңге сомада несиелер берді. Олардың ішінде ипотекалық қарыз 1,8 млрд теңге – бұл 2007 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 50 пайызға аз (естеріңізге салсақ, 2008 жылдың ипотекалық дағдарысында банктер талаптарды күшейтті).

2008 жылдың 1 ақпанында облыста несиелер бойынша қарыз 151,2 млрд теңгені құрады. Мұндағы ипотекалық қарыздар бойынша бережақ - 76,0 млрд теңге (2007 жылдың 1 ақпанымен салыстырған 57,7%-ға көбейген).

Ұлттық банктің ипотекалық несиелерге қызмет көрсету шарттарын жеңілдету туралы Ұлттық банктің шешіміне қатысты экономист Олжас ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ біздің газетімізге өз пікірін білдірді:

- Әзірге тек үш параметр ғана белгілі – ипотекалық қарыз алушыларға 130 млрд теңге бөлінгендігі, 2004-2009 жылдары несие алғандарға көмектесетіндігі және мұның бәрі әкімдік пен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен комиссия арқылы бөлінетіндігі. Жалпы, қаржыларды бүкіл валюталық ипотекалық қарыздарды теңгеге ауыстыру үшін бағыттау дұрыс деп есептеймін. Ал мөлшерлемені 4-6 пайыз деңгейге белгілеу қалған төлем мерзімінде екі девальвацияның шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

2427 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3

Последние новости