ALASHAINASY.KZ «Президент сайлауы-2015: Шетелдік сарапшылар не дейді?» - Мен ҚХА ұсынған бұл бастаманы құптаймын. Қазақстанда мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу-бұл қазақстандықтардың өз таңдауы.
AZATTYQ. ORG «Борис Немцов қастандықтан өлді» - Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты жұма кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер атып өлтірді.
«Путин билігі тұсындағы қастандық құрбандары» - Борис Немцов Ресейді Владимир Путин басқарған кезде кісі қолынан қаза тапқан қайраткерлердің қара тізімін толықтырды.
«Шетелдіктер Ресейден кетіп жатыр» - Ресейде жұмыс істеп жүрген шетел азаматтары елдеріне қайтып жатыр. Бұл Мәскеудің Батыстан оқшаулану саясатының бір айғағы болса керек.
«Борис Немцовты Ресейде және шетелде еске алды» - Мәскеуде оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруіне, ұйымдастырушылардың айтуынша, елу мыңнан аса адам қатысқан. Мұндай акциялар жексенбіде өзге елдерде де өтті.
«Немцовтың қазасын Киров өлімімен салыстырды» - Көптеген тарихшылар орыс оппозиционері Борис Немцовтың қазасын 1934 жылы қастандықпен қаза тапқан Сталиннің бәсекелесі, большевик Сергей Кировтың өлімімен салыстырады.
«Балабақшадағы 23 ақпан әлеуметтік желіні тіксінтті» - Ресейде балалардың қолдарына қару макетін ұстап суретке түскен отан қорғаушылар күні шарасы әлеуметтік желіде қатты сыналды.
SERKE.ORG. «Ресеймен одақ құру мүмкін бе?» - Одақтас елдердің мақсат-мүддесі бірдей, саясаты айқын болуы тиіс. Бұл – бірлестіктің бәріне тиімді болуының басты шарты.
ZHEBE.COM «Экономикалық басқару жүйесін реттеу керек ...» - Еліміздегі бірнеше банктің рейтінгісі соңғы уақытта бірнеше рет өзгерді. Standard & Poor’s рейтинг агенттігі жуықта ғана Қазақстанның алты банкіне рейтингтік баға берді.
QAMSHY.KZ «Қазақстан мен Ресей: Кім қанша жалақы алады?» - Естеріңізде болса, апта басында ҚР Парламент депутаттарының жалақыларын қысқарту туралы даулы мәселеге мәжілісте отырған халық қалаулылары өре-түрегеліп қарсы шыққан еді.