ALASHAINASY.KZ «Жастар неге жаппай дінге бет бұрып жатыр? Бұл қауіпті ме?..» - Қазақтың бір топ зиялы қауымы мен ғалымдары ел жастарының жаппай дінге бет бұруының себебін саусақпен санап, оның қауіпті жағын да Алматыда сәрсенбіде өткен «Жастар және дін: таңдау диллемасы» атты дөңгелек үстел басында түсіндіріп берді деп хабарлайды «Алаш айнасы».
«Тоқсан қыздың тағдыры…» - Газетіміздің өткен жылғы 12 қарашадағы санында журналист Сәтжан Дәрібайдың «90 қыздың тағдыры немесе Ұлы Жеңістің ұмыт қалған тұстары» атты мақаласы жарияланған еді.
«Патша генералы Черняевтің сұрқия саясаты» - Қоқан хандығы тұсында оңтүстік өңірде билік жүргізген датқалар туралы тың деректер табылып отыр. Бұл деректерді шымкенттік тарихшы-ғалым Д.Даниярбеков Ташкенттегі архивтен алған.
AZATTYQ. ORG «Рахат Әлиев пен оның саясат сахнасындағы орны» - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласының кезіндегі қарсыластары Рахат Әлиевтің "асылып өлгеніне" сене алмай, әрі-сәрі күй кешкендерін айтады.
«Путиннің "ұстазы" – Собчак өлімінің жай-жапсары әлі жұмбақ» - Петербургтің бұрынғы мэрі, Путинді саясатқа «әкелген» Анатолий Собчактың жүрек талмасынан қайтыс болғанына 15 жыл толды. Бұл өлімге Путиннің қатысы болған деген долбар айтатындар бар.
«АҚШ студенттері ресейлік RT арнасын зерттеп жатыр» - АҚШ-тағы журналистика мектебінің студенттері Ресей қаржыландыратын RT арнасын зерттеп, оны «Кремль насихатының құралы» деп айыптау әділетті ме деген сауалға жауап іздеді.
«АҚШ-та "ИМ-ді қолдады" деген қазақстандық ұсталды» - АҚШ билігі "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы қатарында соғыспақ болды деген күдікпен Қазақстанның - бір, Өзбекстанның екі азаматын ұстады.
ABAI.KZ. «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына үндеуі» - Құрметті қазақстандықтар! Ел ішінде биыл кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесі қызу талқылануда. Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі көтерген бастамаға қоғам өкілдері жан-жақты пікір білдіруде.
«Жекешелендіру не үшін жүргізіледі?» - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы елдердің бірі болып КСРО елдеріндегі жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мақсатын көздеді.
SERKE.ORG. «Рахат Әлиев өлімінің кейбір себептері анықталды» - Австрия түрмесіндегі Рахат Әлиев өлімінің кейбір себептері анықталды. Вена сотының өкілі мәлімдегендей, ол Вена қаласындағы Йозефштадт түрмесіндегі камера ішіндегі ванна бөлмеде асылып өлген.
«Айгүл Иманбаева: “Мен өзімді-өзім алдап өмір сүре алмаймын”» - Өнер дейтін аламанда қашанда алдына жан салмайтын, жолында кездескен кедергілерден кідірмей өтетін қайсар мінезді қазақтың дарынды қыздары аз емес.
QAMSHY.KZ «Кезекті сайлаудың 6 кілтипаны» - Қазақ еліндегі жазылмаған, бірақ қалыптасқан заң бойынша кезектен тыс сайлау өткізу туралы мәселе тағы да көтерілді.