Атырау, 23 қараша 08:13
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Прокурор облыстағы орын алған ахуалдың мән-жайын мәлімдеді

7 652 просмотра

Кеше баспасөз-конференциясында  Атырау облысының прокуроры Сайфулла КЕМАЛОВ лаңкестік әрекеттерді дайындауға күдікті делінген топтың ұсталғандығы  жөнінде ресми мәлімдеме жасады.  Ол сондай-ақ, облыс халқына ендігі жерде еш қауіптің жоқ екендігін атап өтті. 

Бірнеше күн ішінде облыстың күш құрылымдары мен басқа аймақтардан келген қолдау көрсетуші топтар лаңкестік топ құрамына қатысқан деген күдікпен 18 адамды ұстады. Олардың ішінде екеуіне бұған дейінгі таратылған бағдар бойынша іздестірілу жарияланған еді. 18 адамның алтауы соттың санкциясы бойынша қамауға алынды, ал қалғандарына қатысты тыйым салу шараларын белгілеу мәселесі шешілуде. «Олардың барлығы да радикальды діни ағымдарды ұстанушылар болып табылады»,-деп атап өтті прокурор, нақты қандай ағым екендігін атаған жоқ.  29-шы тамыз күні кешке Атырау мөлтек ауданындағы өз үйінің табалдырығында атылған тұрғынның қарсыласу әрекеті нақты немен байланысты деген «АЖ» сауалына Кемалов былай деп жауап берді: «Ол топтың белсенді мүшелерінің бірі. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарай оқ атып, жарылғыш қондырғыларды қолданды. Соның нәтижесінде оның өзі қаза болды». Прокурор сондай-ақ, мерт болған адамның үйінде жалғыз болғандығын растады. Бүгінгі күні бірнеше қылмыстық іс көтерілді, оның ішінде  «Терроризм» бабы да бар.

Неге екені белгісіз, атап айтқанда «Ақ Жайық» газетінің тілшілеріне қарап, прокурор (бәлкім, тәжірибесіне сүйенді ме?!) жоғарыда келтірілген ақпараттарды сақтықпен жариялау керектігін ескертуді ұмытпады, өйткені, мұндай жағдайларда журналистерге қаза болғандар мен ұсталғандардың туысқандары болған жайға қатысты  өз болжамдарын алға тартып, жолығуға тырысады. 

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В. Истомин

1 қыркүйек 2011, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.