Атырау, 19 желтоқсан 17:03
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Каримов қайда жүр немесе Өзбекстандағы үлкен өзгерістер». «Президент сайлауына үміткерлер кімдер?». «Көпір кезең: Көшбасшы таңдау – көпке сын». «Сәкен Сейфуллин 25 ақпанда атылған». «А. В. Затаевич кім: қазақтың аяулысы ма, әлде тыңшы ма?».

3 038 просмотра

ALASHAINASY.KZ   «Оралмандар масыл ма?» - Соңғы бірнеше жылдан бері қоғамымызда ең үлкен пікірталасқа айналған мәселенің бірі шетелдегі қандастарымыздың елге оралу барысындағы қиындығы десек болады.

AZATTYQ. ORG    «Тәжік студент неге ИМ үшін опат болды?» - Әлеуметтік желіге жарияланған суретінде ол - жақсылап қырынған, күлімсіреген, қызылшырайлы жігіт. Мойнында үш алтын медалі бар. Ал екінші бір суретінде сақалы тебіндеп келеді, түрі қатулы, қолында - тапанша.

«Әзербайжанда манатты сайлаудан бұрын девальвациялады» - Постсоветтік елдердегі ұлттық валюталардың күрт құнсыздану тенденциясы бұған дейін тұрақты валюта саналған Әзербайжан манатының құлдырауына ұласты. Манат бірден долларға шаққандағы құнының үштен бірінен айырылды.

«Иран Еуропаға газ жеткізу амалын іздеп жатыр» - Иран Еуропаның газ нарығына кіргісі келеді, мұны Ресей экономикасына қауіп санайды.

«Жарнаманы қазақшаға тегін аударуға дайын еріктілер бар» - «Қазақстанда жасалған» акциясы кезіндегі бір жарнаманың қазақшасы әлеуметтік желі қолданушыларын наразы етті. Акцияны ұйымдастырушылар бұл қателікке қатысы жоғын мәлімдеді.

ABAI.KZ.    «Сәкен Сейфуллин 25 ақпанда атылған» - С.Сейфуллиннің 1938 жылы 25 ақпанда атылғанын растайтын құжат табылды.

«Қазақ дүниетанымындағы ислам» - Қазақ жастарына дұрыс рухани тәрбие беруіне, олардың бағытты дұрыс таңдауына, сондай-ақ діннің тек сыртқы шарттарын ғана емес, рухани кемелдік қағидаларын, адамгершілік құндылықтарын меңгеруіне және оларға өзге діни ағымдардың зияндылығын түсіндіру жұмыстарына байланысты қоғам болып атсалысуымыз керек. Өйткені жастар еліміздің болашақ тірегі.

SKIFNEWS.KZ      «А. В. Затаевич кім: қазақтың аяулысы ма, әлде тыңшы ма?» -Александр Викторович Затаевич  десе, қазақтың музыкалық бай мұрасы, оның осы мұраны жинаудағы өлшеусіз еңбегі еске түсетіні аян. Бұл кісі кім еді, қазақ даласына қалай келді?

«Революцияны “ашыққандар” ғана жасайды» -  Біздің елде әлемдік және отандық экономика саласынан хабары барлар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына қатысты пікірлері бойынша қаққа жарылды.

RAS.KZ   «Норвегтер түпкі тектерін қазақтармен бір санайды» - Норвег ғалымдары өздерінің ата-бабалары бұдан мың жыл бұрын Қазақстан аумағында тұрған деп есептейді. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі хабарлады.

ULT.KZ  «Каримов қайда жүр немесе Өзбекстандағы үлкен өзгерістер» - Өзбекстанда кезекті президент сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр. Сайлау 29 наурызда өтеді деп белгіленген. Орталық сайлау комиссиясы ресми тіркеген 4 кандидаттың 3-уі өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үстінде.. Тек қазіргі мемлекет басшысы, Ислам Каримовтің өзі де, оның жақтастары да үнсіз…

ZHEBE.COM   «Президент сайлауына үміткерлер кімдер?» - Сонымен ҚР Президентін мерзімінен бұрын сайлау 19 сәуірде өткізілуі әбден мүмкін.

QAMSHY.KZ    «Көпір кезең: Көшбасшы таңдау – көпке сын» - Жақын күндерден бергі ел азаматтарының аңсарын аударған бір-ақ мәселе боп тұр. Яғни Қазақстан Халықтар Ассамблеясы көтерген Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу мәселесі.

24 ақпан 2015, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.