Атырау, 19 желтоқсан 16:47
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ресейдің мемлекеттік облигацияларының тұрақсыздығы бізге нені аңғартады?». «Мақсат Досмағамбетов үйіне оралды». «Жәкішевтің қайын атасына шабуылға күдікті қыз қамаудан босатылды». «Борис Немцов: «”Украинаның жалғыз жауы – Путин”».

2 279 просмотра

ALASHAINASY.KZ        «Адамзат баласы болашақта мемлекетті басқарудың жаңа үлгісін ойлап таба ма?» - Адамзат қауымдасып өмір сүре бастаған сәттен бері топты, қоғамды басқарудың түрлі формасын ойлап тапқан.

«Министр жастарды даяшы еткісі келе ме?» - Өткен аптада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «қазақстандық жастарды даяшы және бармен болуға үйретеміз» деген ұсынысын тастады.

«Ресейдің мемлекеттік облигацияларының тұрақсыздығы бізге нені аңғартады?» - Кеше халықарылық Moody's агентігі Ресейдің мемлекеттік облигацияларының рейтингін «Ва1» деңгейіне дейін төмендетіп, оны тұрақсыз деп бағалап, «Ресейдің мемлекеттік облигациялар жүйесі қоқысқа малтықты» деп мәлімдеді.

«Сенімді сауда қайда бар?» - Жалпы, біз осы заманға сай сауда жасай аламыз ба? Саудаласу турасында не білеміз? Тіпті көптеген елдерде нақ осы сауда жасау мәдениетіне қатысты арнайы ұстаным да бар.

«Қазақ циркі қандай кедергілерге тап болып отыр?» - Алматыдағы Абай даңғылында орын тепкен Қазақ циркі көп елді аралап, әлем халқын мойындатқан өнер ордасы десек жаңсақтық болмас. Осынау сиқырлы цирк өнері қазақтың қанында бар ма дерсіз?!

«Баланы сату жетімді жылатпаудың жолы емес» - «Ақшаң болса бәрін сатып алуға болады». Бұл – бүгінгі елдің санасына әбден дендеп сіңіп алған ұғым.

«Кімбіз, қайда бара жатырмыз?» - Бабалар мәнін болжаған дүние – жалғанның өнер атаулыға өзек болмаған кезі жоқ-ты.

AZATTYQ. ORG     «Мақсат Досмағамбетов үйіне оралды» - Жаңаөзен оқиғасына қатысты алты жылға сотталған ереуілшілер белсендісі Мақсат Досмағамбетов үй-ішімен қауышты. Ақпанның 21-і күні оны Жаңаөзенде қарсы алуға жүздеген адам келді.

«Екпе зардабын “cезімталдық” деп түсіндірді» - Теміртау мен Жаңаөзен қалаларында қызылша екпесі салынған ондаған жасөспірім ауруханаға түскен соң ағзада жасанды иммунитет қалыптастыру науқаны уақытша тоқтатылды. Ал вакцинаны сараптамадан өткізуге жіберді.

«Жәкішевтің қайын атасына шабуылға күдікті қыз қамаудан босатылды» - Белгілі бизнесмен Райхан Алхановтың адвокаты Талас қалалық соты шығарған шешіммен келіспей, аппеляциялық шағым жолдады. Ақпанның 16-сы күні қалалық сот 17 жастағы күдікті қызды үй қамағына босатқан.

«Қытайлар этикет пен дұрыс тамақтануды үйреніп жатыр» - Қытайлардың көбі жүріс-тұрысын түзеп, диета ұстай бастады, ал Қазақстан әлемдегі дұрыс тамақтанбайтын елдер тізіміне енді.

SKIFNEWS.KZ     «Борис Немцов: «”Украинаның жалғыз жауы – Путин”» -  Борис Немцов Ресей президенті Путиннің саясатын ашық сынап жүрген  саясаттанушының бірі. Ендеше мұндай адамның пікірін елемей, ескермей кету мүмкін емес. Сол Немцов «Forbes.kz» журналына сұхбат беріпті.

NAMYS.KZ  «Ажырасу қарқыны: алдағы 15 жылда 50 пайызға жетуі мүмкін» - Әлқисса. Енді осы проблеманың себептерін айқындап көрейік. Сөз жоқ, ең басты себеп – имансыздықта. Дін мен ділдің тұрмыстан тыс қалуында.

«Данышпан Абай неге күйінді?» - Абайдың «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады…» дегені бар.

23 ақпан 2015, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.