Атырау, 19 желтоқсан 16:56
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Шетел сарапшылары не дейді?». «Кенесары хан: Шені мен шекпені қандай?». «Бұл сайлауға науқан сияқты қарауға болмайды». «Жалаңаш жанбағыс». «Президент өз ізбасарын дайындап отыр ма?». «Путиннің империялық амбициясын кім тоқтатады?».

3 192 просмотра

ALASHAINASY.KZ       «Банктерден ипотекалық несиені жеңілдетуді талап ете аламыз ба?» - Кеше Ұлттық банк еліміздегі ипотекалық несиелендіру саласындағы мәселелерді шешуге қосымша 130 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, аталмыш қаржы ипотекалық несиелерге қызмет көрсету талаптарын жеңілдетуге бағытталатын болады.

«Әлемнің бірқатар елі АҚШ-тың Федералды резерв жүйесіндегі алтындарын қайтарып алғысы келеді» - Аталған қаржы мекемесінде қазір ондаған елдің тең жарымнан астам қымбат металл қазынасы қаттаулы тұр.

«Банктер сақтандыру қызметін тұтынуға халықты қашанғы мәжбүрлейді?» - Қазір банктер арқылы ірі көлемде несие немесе көлік алып және тағы басқа тұрмысқа қажеттіліктеріңізді өтегіңіз келсе, олардың өздерімен еншілес сақтандыру компанияларының қызметіне жүгінуге мәжбүр боласыз.

AIKYN.KZ   «Шетел сарапшылары не дейді?» - Қазақстанда өтетін Президент сайлауына байланысты тек елімізде ғана емес, шетелдерде де жылы пікір, ыстық лебіздер айтылуда. Әсіресе, қоғамның тыныс-тіршілігін бағып отырған сарапшылардың пікірі қашанда ерекше.  

«Әртүрлі әлем» - Дүниенің төрт бұрышында бізге таңсық әрі қоғамымызға жат заңдар бар. Тіпті олардың қатарында түрлі «приколдар» да кездеседi. Олардың бірі қызық үшін айтылса, енді бірі өзгелерге сабақ боларлық.

«Кенесары хан: Шені мен шекпені қандай?» - Кенесары хан туралы бір кітаптың сыртқы мұқабасына айбарлы ханның ақбоз ат мініп, орыс полковнигінің эполеті мен Георгиев лентасын таққан, басына қоқырайтып фуражке киген суретін салып қойыпты.

«Тележүргізушілердің имиджге “икемі” бар ма?!» -  «Уақытты қағытатын қағида емес, тұлға» депті Оскар Уайлд. Бүгінгі нарық заңдылықтары өз ережесін енгізген тұста «имидж», «имиджмей­кинг» ұғымдары өте өзекті мәселе. Бағзыдағы өндірушілердің дәуірі өтіп, бүгінде тұтынушылардың дәурені жүріп тұр.

ABAI.KZ.   «Бұл сайлауға науқан сияқты қарауға болмайды» - Соттың шешімімен жабылған ADAM bol журналының төңірегіндегі мәселе әлі де толастар емес. Жергілікті және шетелдік қоғам өкілдері тыйым салынған журналды қолдау ісін жалғастыруда. Бұл жағдайға байланысты журналдың бас редакторы Гүлжан Ерғалиева сұхбат берген еді.

«Радикалды идеология қоғам үшін қауіпті» - Радикалды діни ағымдар идеологиясының таралуы бүгінгі таңда жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің біріне айналды.

TURKYSTAN.KZ    «Депутат Самиғолла Оразов қазақтарды “сапалы, сапасыз” деп бөледі екен» - Өткен аптаның соңында Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Дәулет Арғындықов Мәжіліс депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері алдында «Халықтың көші-қоны туралы» Заң жобасын таныстырды.

SERKE.ORG. «Боксшылардың түсінігі таяз ба?» - Әулие Валентин күні деп аталатын 14 ақпан қарсаңында қазақ баспасөзінде осы датаны атап өтушілерге қарсы науқан басталатыны белгілі. Газет оқымайтын жастар бұл күнге өздерінше дайындалып жүреді.

JASQAZAQ.KZ.  «Жалаңаш жанбағыс» - Қазақ қызы түнгі клубта лыпасыз билеп жүр. Осылай демеске амалымыз жоқ. Себебі осыдан бір ай бұрын Алматы мейрамханаларының бірінде тыр-жалаңаш «би» билеген қазақ қызы туралы бейне ғаламторға шыққан-ды. Көз көрмеген соң, көңіл сенбеген еді. Жалаңаштанып «жан бағып» жүрген қаракөзді өзіміз де көрдік. Көрдік те ғаламтордағы «биші» қыз екенін бірден таныдық.

SKIFNEWS.KZ    «Президент өз ізбасарын дайындап отыр ма?» -    Сайлаудың иісі. Кезектен тыс сайлаудың сыбысы шықты деген сөз, міндетті түрде болады деген сөз.  Біздің саяси ойындар кейде жас баланың ойыны сияқты кімнің сырықпен түртіп тұрғаны көрініп тұрады.

«Путиннің империялық амбициясын кім тоқтатады?» - Батыс елдеріне Украинадағы жан-жалды тоқтату үшін нақты шешім қабылдайтын күн туды.

QAMSHY.KZ   «Діни секталар қоғамды бөлшектейді: Қазақстанға қандай ислам керек?» - Қазақстан зайырлы мемлекет. Дін мемлекеттен бөлінген. Дегенмен, 2011 жылы Діни істер жөніндегі агенттіктің құрылуы – елдегі діни ахуалды биліктің қадағалауы қажеттігін көрсеткендей.

20 ақпан 2015, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.