Атырау, 11 наурыз 11:00
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

«Доллар мен евро тұрғанда теңгеге сенім арта ма?». «Сарапшылар цензура күшейетінін болжайды». «ИМ қылмысы үшін Ресей Батысты айыптады». «АҚШ мамандары: Путин аутизмге шалдыққан». «Ресей Қазақстанмен шекарасыз отыруды қалайды». «Бұл сайлауда кім жеңбейді?»

3 616 просмотра

ALASHAINASY.KZ        «Доллар мен евро тұрғанда теңгеге сенім арта ма?» - Қазір біз үшін ең маңызды дүние - ұлттық валютаға деген сенімді күшейту.

AZATTYQ. ORG     «Сарапшылар цензура күшейетінін болжайды» - Сарапшылар мен тәуелсіз журналистердің айтуынша, «цензура» сияқты антиконституциялық ұғым Қазақстанда әлі күшінде. Олар президент сайлауы науқаны тұсында БАҚ-ты бақылау күшейе түседі деп есептейді.

«ИМ қылмысы үшін Ресей Батысты айыптады» - Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы Ливияда 21 египеттік христианның басын алғаны үшін Батыс елдерін айыптады.

«ИМ содырлары Ливия арқылы Еуропаға жетуі мүмкін бе?» - «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы Еуропа қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп алаңдайтындар көп. Мұндай қауіптің бар екенін жуырда Италия сыртқы істер министрі Паоло Джентилони де мәлімдеді.  

ABAI.KZ.   «”Көп әйел алу” туралы заң қабылдануы керек пе?» - Интернетті ақтарып отырсам, орыс тілді БАҚ –тар да тоқал туралы мәселені мысқылдап қозғап отыр екен. Оларға бұл тақырып қазақты мазақ қылу үшін керек, ал қазақ тілді баспасөз бұл туралы түк білмегендей кейіп ұстанғаны жөн.

QAMSHY.KZ    «Қытайлар баланы қалай жейді?» - Соңғы жылдары ғаламторды кезген түрлі видеоларды көріп, Қытайлардың қаншалықты азғындыққа батқанына таңдана да, жиіркене де қараған едік. «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» деген рас қой…

«АҚШ мамандары: Путин аутизмге шалдыққан» - Соңғы айларда әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Ресей президенті Владимер Путиннің денсаулығына қатысты сан түрлі қауесет тарады.

«Ресей Қазақстанмен шекарасыз отыруды қалайды» - Жақында ғана депутаттар алдында баяндама жасаған Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов еліміздің Ресей, Қытай және Орталық Азия мемлекеттерімен 14 мың шақырымдық шекарасы делимитацияланғанын айтты.

«Билегісі келген елде төңкеріс ұйымдастыру – шетел үшін тікелей соғыстан әлдеқайда үнемді» - Эгоист екенбіз. Соңғы кезде көзім бірнәрсеге жетсе – ол әрқайсысымыздың эгоист екеніміз.

«Джеб Буш: Обама тиянақсыз әрі ынжық басшы» - Флориданың бұрынғы губернаторы Джеб Буш АҚШ президенті Барак Обаманы тиянақсыз әрі ынжық басшы екенін айтып, елдің сыртқы саясаттағы жұмысын тиісті деңгейде атқара алмай, халықаралық беделін түсіргенін айтты.

SHYN.KZ    «Ислам Кәрімов өзбек те, тәжік те емес, ол – қарақалпақ» - Ислам Кәрімовтың ұлтына қатысты талас көп. 

JAQSY.KZ  «Бұл сайлауда кім жеңбейді?» - Президенттік сайлаудың дүбірі жақын қалған сияқты. Бұ науқанның шаңы былтырдан бастап көрінген. Биылғы сайлаудың ерекшеліктері қандай болмақ? Неге екі сайлау қатар болмайды?

19 ақпан 2015, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.