ALASHAINASY.KZ «Девальвация керек пе? Екі олигархтың көзқарасы» - «Теңгені тағы девальвациялай ма?» деген сұрақ – қазіргі ең өзекті мәселе. Бұл сауалдың әр жерде жиі қойылатыны соншалық қазір қарапайым халық та бұл терминнің мағынасын ұғып қалды.
«Ресей тәрізді бізге де борышкер депутаттардың мандатын алу керек пе?» - Ресейде келер көктемнен бастап мемлекет алдында борышы бар депутаттар жалақыдан қағылып, тіпті олардың қайсыбірі депутаттық мандатынан айырылуы да мүмкін.
AZATTYQ. ORG «Украинадағы қақтығысты тоқтату жайлы келісім жасалды» -Минскіде кездескен Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары Шығыс Украинада қақтығысты тоқтату туралы уағдаласты.
«Ресейдің шетелдіктерге арналған дүкені» - Ресей шетелдік дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне арнап кедендік баж салығы төленбейтін дүкен ашуды көздеп отыр. Бұл СССР кезіндегі «Березка» дүкендер желісін еске түсіреді.
ABAI.KZ. «Ел мен Елбасы: күпті сауалдың нақты жауабы» - Ел көңілін алаң ететін жайттарды жасырып-жабуға болмайды. Әсіресе, тұтас әлемді шарпыған қаржы дағдарысы мен қырғи-қабақтық текетірестер тұсында Тәуелсіздігінің жиырма үшінші жылдығына қадам басқан Қазақстан үшін әрнені ойлап, алағай күй кешу заңдылық шығар.
MAIDAN.KZ «Әулие мен алаяқтың айырмасы...» - «Әулие» деген – жаны да, тәні де таза, ішкі дүниесі ашық, моральдық тұрғыдан мықты, өтірік айта алмайтын, істеп жүрген тірлігіне толығымен жауап бере алатын азамат болуы тиіс.
«Қазақстанды қайта бөлшектеудің басталғаны ма?» - «Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының бір ауылында 4 ақпан күні түнде кісі өлімі болған. Дәлірек айтқанда, Сарыағаш ауданының Бостандық ауылына жақын жерде көрші Ынтымақ аулының тұрғыны, салық комитетінің қызметкері, 1985 жылы туған Б.Д.Артықовтың мәйіті табылған.
«Тоқал тақырыбы туралы “толғау”» - Жалпы, әлеуметтік желіде әлмисақтан келе жатқан «тоқал» мәселесі жиі қозғалатын тақырып болғандықтан, ондағы түрлі-түрлі пиғылдар мен пікірлерге таң қалудың да қажеті жоқ еді.
«Несиесіз – дүние бос...» - Несиесіз – дүние бос. Иә, еш таңғалмаңыз. Өмірдің мәні несиеге айналып кетті. Несиеге бәрін алуға болады.
SKIFNEWS.KZ «Сот кешіріп, қылмыскер бас тартса...» - Бізде керісінше, мемлекет айыптайды, ал кешегі жалы күдірейген «жә» деген шенеунік кішірейіп, аяққа жығылып кешірім сұрайды.