Атырау, 19 желтоқсан 16:55
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Назарбаев “Ресеймен бірге өркендеуді” болжайды». «Лаңкестік топтар тұзағына қашанғы іліне береміз?». «Қазақстанда білікті кадрлар тапшы деген бос сөз». «Ресейдің салық жүйесіне өзгеріс енгізуі Қазақстанға әсер ете ме?».

1 847 просмотра

AZATTYQ. ORG       «Назарбаев “Ресеймен бірге өркендеуді” болжайды» - Қазақстан президенті Батыс пен Ресейдің санкция соғысын «жабайылық» деп атады. Назарбаев «Ресей бұл жағдайдан абыроймен шығып көркейіп кетеді, Ресеймен бірге Қазақстан да көркейеді» деп мәлімдейді.

«Генералдар Су-30СМ ұшағын сатып алуды қолдайды» - Жуырда Қазақстан әскери-әуе күштері Ресейде шыққан жаңа техника алуы мүмкін. Су-30СМ жойғыш ұшағын мақтаған қазақ генералдары «мұндай техниканы сатып алу тиімді әрі ұтымды» дейді.

«Тәжікстандағы “діни сауатсыздыққа” кім айыпты?» - Тәжікстанның дін істері жөніндегі комитеті төрағасы Сирияға барған жас тәжіктерді «дінді білмейді, сауатсыз» деп айыптады. Бірақ елдегі діни білімнің олқылығына Душанбенің өзі де «үлес қосқан».

ALASHAINASY.KZ     «Лаңкестік топтар тұзағына қашанғы іліне береміз?» - Құдайға шүкір, елімізде тыныштық, бейбітшілік. Бірақ осы басты артықшылығымызға арамызда малданғысы келмейтіндер бар секілді.

«Қазақстанда білікті кадрлар тапшы деген бос сөз» - Қазір бүкіл дүниежүзі бойынша білікті кадр, соның ішінде техникалық мамандар аса тапшы. Индустриалдық-инновациялық даму жолына түскен Қазақстан да мұндай тапшылықты жоққа шығармайды. Алайда еліміздегі статистика басқаша сөйлейді.

«Минскіде тарихқа өзгеріс әкелуі тиіс “норманд төртігі” кездесуі басталды» - Минскіде бүгін Ресей, Франция, Германия және Украина көшбасшыларының кездесуі басталды. Кездесу жабық тәртіпте өтіп жатыр. Бұған дейін де Украинадағы жағдайға байланысты жоғары деңгейде талай отырыс өткен. Алайда сарапшылар бұл отырыстың жөні бөлек, ол тарихқа өзгеріс енгізуі тиіс деседі.

«Ресейдің салық жүйесіне өзгеріс енгізуі Қазақстанға әсер ете ме?» - Кешелі бері Ресейдің мемлекеттік думасында бай-манаптарға салынатын салықты еселеу жайы қайта-қайта көтерілуде.

AIKYN.KZ   «Қаражат бар, қарекет жоқ...» - Ұлттық анимацияның кенжелеп дамуы, соңғы жылдары түсірілген анимациялық фильмдердегі кемшіліктер, мультипликатор мамандардың болмауы – бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған. Әмен Қайдаров негізін қалаған мектеп қайда? Ұлттық анимация саласында ілгерілеу бар ма?

TURKYSTAN.KZ    «Кинотеатрлар неге заң талабын орындамайды?» - Жаңа кино шығыпты дегенді естісек болды, уақыт тауып, кинотеатрға баруға тырысамыз.

12 ақпан 2015, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.