ABAI.KZ. «Президенттің арқасы» - Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелері мен облыс әкімдерін жиып алып, кеңес өткізді. Біздің пікірімізше, «кеңес» деп аталатын жиынға жұрт белгілі бір мәселелер төңірегінде кеңесу, ақылдасу үшін келетін сияқты еді.
«Кландық капитализмнің соңғы нұсқасы» - Мәскеуде 23 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде жоғарғы деңгейдегі кездесу қарсаңында Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ресей саясатына дүрсе қоя беріп, оны "ақымақ және мисыз" деп атады.
«Мемхатшы “Абылай ханның арманын” тамашалады» - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына арнайы ат басын бұрып, «Абылай ханның арманы» атты тарихи драманы тамашалады.
AZATTYQ. ORG «Обама Украинаға қару бере ме?» - Минскіде бүгін, 11 ақпанда өтетін келіссөздер нәтиже бермеген жағдайда АҚШ Украинаға қару беруі мүмкін.
«Сейсембаев, Қуанышев және Швейцариядағы шоттар» - Швейцария банкіндегі құпия ақпарат тарап кетіп, екі қазақстандықтың есімі аталды. Барлығы 82 қазақстандық клиенттің құпия есеп-шоты табылған.
«Қытайда тағы бір қазақ газеті шыға бастады» - Шыңжаңдағы қазақ тілінде жарық көрген жаңа газет «мемлекет саясатын қолдаумен қатар ұлт тарихын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткенін» айтады.
«Өзбектердің “виртуалдық сайлауы”» - Өзбекстанда тәуелсіз кандидаттар қатысқан ашық сайлау өтуін қалайтын, бірақ ондай шара өткізуге мүмкіндіктері жоқ шетелдегі өзбек белсенділері интернетте «виртуалдық сайлау» өткізбек.
ALASHAINASY.KZ «Ресейлік тауарларға шектеу қою мәселесі әлі жабылған жоқ» -Рубль күрт түсіп кеткеннен кейін арзан ресейлік тауарлар Қазақстанға ағылды. Соның салдарынан отандық өнімдер өтпей қалды.
«Жаһандық азық-түлік тапшылығына Қазақстан дайын ба?» - Бүгінгі күні бүкіл ғалам үшін әсіресе, азық-түлік қауіпсіздігі аса өзекті. Мамандар азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыратын негізгі факторлар – экология, яғни табиғи ресурстардың деградацияға ұшырауы мен демографиялық өсім және климаттың өзгеруі деп санайды.
«6 жыл бойы азаматтық ала алмаған оралман амалсыздан Қытайға оралмақ» - Астанада Қытайдан көшіп келгеніне 6 жыл өткен оралман азаматтық алмақ түгілі, қайтадан Қытайға кетуге мәжбүр.
ULT.KZ «Герағаңды Кеңсайға жерлегеніміз дұрыс болды ма?» - Герольд Бельгер қайтыс болды. Сүйегі қазақтың М.Әуезов атындағы драма театрынан шығарылды. Кеңсайға жерленді.
QAMSHY.KZ «Украинадағы дағдарыс – Еуропа тағдыры мен әлемдік геосаясат болашағын шешеді» - Бүгінгі күні Украинадағы жағдайдың өрбуі әлемдік саясаттың өзгеруіне алып келу мүмкіндігін ешкім жоққа шығарып отырған жоқ.