ALASHAINASY.KZ «Президенттер қандай көлікпен жүргенді ұнатады?» - Бүгінде Қазақстандағы автосүйер қауымды таң қалдыру оңай емес. Көліктерге деген ықыласы ерекше адамдар қатарынан ел басшыларын да алып тастауға болмайды.
«Ресейдің арзан импортынан отандық өндірісті қорғай аламыз ба?» - Рубльі бұрын-соңды осыншама деңгейге төмендеп көрмеген, макроэкономикалық даму көрсеткіші «қоқысқа малтыққан», Батыстың санкциясы қыспаққа алған Ресей ендігі кезекте импорттық тасымалына барынша назар аудара бастамақ.
«Әлеуметтік желі саясат пен саясаткерлер үшін аса қауіпті» - Әлемнің көптеген ел билігі әлеуметтік желілерді тықсырып «қуып шыққаннан» басқа амал жоқ деседі. Әрине, оған әлеуметтік желілеріңіз көнсе егер. Өйткені оның есіктен шығарып жіберсеңіз, тесіктен кіріп жүре беретін сайқал әдеті тағы бар...
«Қазақстандық сарбаздар Украинаға бара ма?» - Дүние дүбірге толы, әлемнің әр жерінде орын алған атыс-шабыс бір сәт те толастар емес.
AZATTYQ. ORG «Ресей президентінің “дерттері”» - Владимир Путин аутизмнің бір түріне немесе қатерлі ісік дертіне шалдыққан ба? Әлде «нарцисс мегаломаньяк» адам ба?
«Батыстың Украинаға әскери көмегін қолдаушылар мен қарсылар» - Украинаның шығысындағы жағдай ушығып әрі Еуропа одағы басшыларының Ресеймен келіссөзі нәтиже бермей жатқан тұста батыс сарапшылары Украинаға әскери көмек көрсетудің пайдасы мен зиянын бағалайды.
«Жастар прокурордан ұнамсыз сайтты жабуды “өтінді”» - Алматыда жас белсенділер интернет пен қоғамдық орындарда «инабаттылық ережелерін қатаң орындауға» шақырды. Олар ресейлік сайттардың бірін жабуды талап етіп, бас прокурорға хат жазды. Құқық қорғаушы «бұл – ұят әрі алаңдататын бастама» дейді.
ABAI.KZ. «28 панфиловшылар ерлігі: ақиқат па, аңыз ба?» - Таяуда ақпарат ағынында Екінші дүниежүзілік соғыстың Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толуына байланысты Қазақстан мен Ресей бірлесіп, «28 панфиловшылар» деген атаумен фильм түсіреді, оның шығынын да екі ел көтеріп алады деген мазмұнда хабар тараған еді.
«Бекжан Тұрыс: Сананы оятатын идеология әлсіз болып тұр...» - «Әркімнің құдайы өзінің жүрегінде. Кейде ештеңенің байыбына бармай, “мынау анадай-мынадай” деп, біреудің артынан сөз айтқышпыз ғой».
QAZAQUNI.KZ «Ең соңғы сөзін де қазағына арнаған “Ең соңғы қазақ” ешқашан ұмытылмайды!..» - Дарынды жазушы, көрнекті көсемсөзші, аудармашы, эссеші Герольд Бельгер 81 жасында 6-шы рет ұстаған жүрек талмасынан қайтыс болды.
«Сабилиянов тойда тәнін жалаңаштаған қыз бен той иесін жазалауды ұсынды» - Той үстінде стриптиз билеген қызға және есерсоқ биге тапсырыс берген той иесіне айыппұл салып, суреттерін қоғамдық орындарға іліп қою керек.
QAMSHY.KZ «Тасмағамбетов жолы» - Қорғанысын жемқорлық, бейберекетсіздік, ұлтсыздық жайлаған елдің болашағы бұлыңғыр. Елбасы Тасмағамбетовке осы саланы тапсырғанда ел арасында түрлі әңгімелер гуледі. Біздіңше, бұның ең ұтымды кездегі шешім екенін аңғарғандар да болды. Өйткені, қазір біз үшін басты мәселе – елдің бүтіндігі, іргенің сөгілмеуі және халықтың өз қорғанысына сенімі.