ALASHAINASY.KZ «Тарихты қайта қарау геосаяси қолшоқпарға айналып барады» - Ресей мен Батыс әлемі арасындағы геосаяси шиеленіс бүгіндері халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіруші фактор ретінде қарастырылады.
«Өзбек ҰҚК өкілі "ИМ Өзбекстанға шабуыл жасамақ" дейді» - «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобы көктемде Өзбекстанға теракт жасамақшы деп мәлімдеген өзбек ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілінің сөзіне кейбір сарапшылар күмән білдіреді.
«Ресей Сирияны қолдауын доғарса мұнай бағасы еркіне жіберілетін көрінеді» - Сауд Арабиясы мұнайды көптеп өндірулерін доғара алатынын мәлімдеді. Бірақ олардың бұл ретте бір шарты бар: егер РФ билігі Башар Асад басшылық ететін сириялық үкіметті қолдаудан бас тартса. Бұл туралы атын атамауды жөн көрген арабиялық және америкалық шенділер сөзіне сілтеме жасаған New York Times газеті жазады.
«Теңгенің бағамын тежеп ұстау үшін миллиардтар жұмсап отырмыз» - Қазақстан қазірде теңгенің долларға шаққандағы бағамын 184-185 теңгенің көлемінде ұстап тұру үшін ай сайын 2-3 млрд доллар жұмсап отыр. Бұл жайында бірқатар қаржыгерлер ашып айта бастады.
«Ұлттық валютамыз жыл сайын құнсызданса, дағдарыстан қалай шығамыз?» - Қарапайым халық нарықтың көп иірімдерін жете түсіне бермейді, дей тұрғанмен, доллардың күш алып кетуін қаламайды.
«Мамандар теңгенің болашағына қатысты болжамдарымен бөлісті» - Теңгенің күрт құлдырауының бір жылдығы қарсаңында экономистер мен қаржыгерлер бұл валютаның келешегін, мемлекеттің дедолларизация туралы жаңа курсы мен үкіметтің экономикалық саясатын талқылады деп жазады Азаттық.
«Қазақстандық әншілер өз бизнестерін неге жасырады?» - Біздің елімізде отандық эстрада сахнасында өнермен ғана емес, жеке кәсіпкерлікпен де айналысып нәпақасын тауып жүрген жұлдыздар баршылық.
AZATTYQ. ORG «ИМ-ға бару райынан қайтқандар ісі насихатқа айналды» - Қазақстанда Сирияға "кетпек" төрт адамның жолын кескені хабарланды. Билік бұл оқиғаны радикалды ағым жетегінде жүргендерді райынан қайтаруға пайдалануға тырысады.
«Өзін-өзі реттеу туралы заң жобасын “қауіпті” деп атады» - Қазақстан парламенті талқылауына «Өзін-өзі реттеу туралы» заң жобасы түсті. Құрастырушылардың болжамынша, ол бизнестің үстінен қарайтын мемлекеттік бақылаудың баламасы болады. Бірақ кейбір депутаттар жобаны талқылаудан алып тастауды сұрайды.
ABAI.KZ. «Қазақтар, қайда қарап отырсыңдар?!» - Украина дағдарысы Қазақстандағы орыс ұлтының жағдайына бұрынғыдан мүлде бөлек көзқараспен қарауға мәжбүрлеп отыр. Қазақстанның солтүстігі мен шығысы, негізінен, орыстілді екені, ал бұл аймақты Кеңестік дәуірді көксейтіндер «байырғы орыстың жері» деп қарастыратыны жасырын емес. Сауалды төтесінен қоялық, Қазақстанда Қырым сценарийі қайталануы мүмкін бе?
SERKE.ORG. «АҚШ Украинаға қару-жарақ бермекші» - АҚШ Украинаға қорғаныс қаруын, бірінші кезекте танкке қарсы ракеталар беруді бастау керек деген ойға келген сияқты, деп хабарлайды New York Times тілшілері Майкл Гордон мен Эрик Шмидт.
«Девальвация керек пе? Екі олигархтың көзқарасы» - «Теңгені тағы девальвациялай ма?» деген сұрақ – қазіргі ең өзекті мәселе.
QAZAQUNI.KZ «АҚШ – Ресей шиеленісін Қазақстан шеше ала ма?» - Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл қадамға Америка жағы бастамашы болған көрінеді. Екі елдің көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды талқылап, Ресейге салынған экономикалық санкциялардың зардабы жөнінде сөйлесті деп хабарлады БАҚ.